Александр Владимирович келесі тақырыптар бойынша дәрістер өткізді:
- «GMP/GDP стандарттары бойынша өндірістегі құжаттаманы басқару. Фармацевтикалық сапа жүйесін енгізу»;
- «Фармацевтикалық өндірістегі микробиология негіздері. Тазалау валидациясы және аналитикалық әдістемелердің валидациясы».
Клиникада Циклотрондық-өндірістік кешен құрылысы бойынша ауқымды жоба іске қосылғанын еске саламыз. Бұл кешенде қиын диагностикаланатын онкологиялық ауруларды, сондай-ақ бас миы мен жүрек-тамыр жүйесі ауруларын диагностикалау үшін бірқатар радиофармпрепараттар өндірілетін болады.