Ермағамбет Мұқанұлы Шымкент қаласының Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты. Соңғы атқарған қызметі - Шымкент қаласының «Жүрек орталығы» АҚ Басқарма төрағасы. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері.
Президенттік клиника ұжымы Ермағамбет Мұқанұлын жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтайды және жаңа қызметінде сәттілік тілейді!