Басты бетПрезиденттік клиниканың дәрігерлері Семей қаласындағы Ядролық медицина және онкология орталығының...

Президенттік клиниканың дәрігерлері Семей қаласындағы Ядролық медицина және онкология орталығының ашылуына қатысты

Президенттік клиниканың дәрігерлері Семей қаласындағы Ядролық медицина және онкология орталығының ашылуына қатысты
2021 жылғы 13 сәуірде Семей қаласында Қазақстандағы тұңғыш Ядролық медицина және онкология орталығы ашылды. Президенттік клиниканың Диагностика орталығының басшысы Айгуль Садуакасова, ядролық медицина дәрігері Максим Фет және клиникалық физик Индира Тлеулесова жаңа ашылған орталықтағы әріптестерімен ядролық диагностика саласындағы өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа технологияларды енгізуге қатысты.

Қазіргі таңдағы ядролық медицина - бұл әрбір елдің қажеттілігі болып отыр. Әсіресе, Шығыс Қазақстан облысы сияқты тарихы бар өңір үшін өте маңызды. Ядролық медицина және онкология орталығы өңір үшін онкологиялық ауруларды диагностикалау саласындағы өзекті дүние болмақ.