Мұхтар өзінің бар болғаны 32 жасында сол құлағынан айырылып, оң құлағымен ғана еститін болған. «7 жасымда құлағым отит болып ауырған. Ауруханада 20 күндей ем алып шыққаным бар, - деп есіне алады Мұхтар. – Бірақ сол кезде құлағымды аяғына дейін емдемепті, кейін сол құлағым біртіндеп нашар ести бастады. Өзімнің туған қалам Қызылорда, Алматы, Астана қалаларындағы көптеген дәрігерлерге қаралдым. Тіпті Германиядан келген дәрігердің де консультациясына барып, одан қалды талдауларымды Түркияға жібергенмін. Барлық жерден алған жауабым бір болды: «Арада көп уақыт өтіп кеткен, есту қабілетін қайта қалпына келтіру мүмкін емес». Маған тимпаносклероз, отосклероз деген диагноздар қойылды. Мен ендігі оған да көнген едім».
Бірақ 2020 жылы Мұхтар өзіне көмек қолын соза алатын дәрігерлерді іздеуді қайта бастайды. «Интернеттен дәрігер Талапбек Мұратұлы Аженовті тауып алдым. Ол туралы көптеген жағымды пікірлер жазылыпты, - деп жалғастырды Мұхтар. - Мен бірден ол кісіге хат жазып, барлық талдауларымды жібердім».
«Қарап көру керек: есту қабілетін қайта қалпына келтіру мүмкін сияқты». Осы сөздерді естіген Мұхтар бірден тексерілуге келуге шешім қабылдайды: «Консультация кезінде Талапбек Мұратұлы жүйкенің бүтін екенін және есту қабілетін қалпына келтіруге мүмкіндік бар екенін айтты. Мен операцияға келісе кеттім».
2021 жылдың 2 ақпанында Мұхтарға операция жасалды, операция барысында ол бірден есту қабілетінің жақсарғанын сезген: «Маған операцияны жергілікті наркозбен жасады, мен ұйықтамай, бәрін сезіп жаттым. Дәрігерлер құлағыма имплантты салған бойда, мен қайта ести бастадым. Бұрын-соңды мұндай болмаған: мен бұлай естімегелі көп болған еді. Соңғы нәтижесі дәкені шешкеннен кейін белгілі болады, дегенмен мен ести бастағанымды іштей сеземін.»
Дәрігер-оториноларинголог, Президенттік клиниканың №1 хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Талапбек Мұратұлы Аженовтің айтуынша, Қазақстан бойынша мұндай жағдайлар өте көп кездеседі: «Өкінішке орай, толық тексерілмегендіктен мұндай пациенттер жиі кездеседі. Оларға кемінде екі сараптама жүргізу қажет: аудиометрия және импедансометрия. Егер бірінші зерттеу құлақтың естігіштігін көрсетсе, екіншісі есту сүйектерінің жарылуы немесе құлақ жарғағындағы ақаудың бар-жоғын анықтайды.
Мұхтардың құлақ жарғағын тексеру кезінде есту сүйекшелері тізбегінің бүтіндігі бұзылғанын анықтадық. Қалыпты жағдайда бұл сүйекшелер жанасып тұруы керек, олар дыбысты естуге көмектеседі. Мұхтарда келесі жағдай орын алған: төстіктің лентикулярлық өскіні үзеңгімен қосылмай тұрған. Сондықтан да құлақ естімеген. Айтпақшы, ешқандай склероз табылған жоқ».
Талапбек Мұратұлы операция жайлы да айтып өтті: «Бұл операция, оссикулопластика – «зергерлік операция». Ол жергілікті наркозбен жасалады. Бұл Мұхтармен болған жағдайдағыдай, дәрігерлерге манипуляцияның әсерін операция кезінде бірден көруге мүмкіндік береді. Осыған ұқсас операциялар жалпы наркозбен жасалады: пациент ұйықтап жатқандықтан, біз манипуляцияның әсерін бірден «дәл сол сәтте» бағалай алмаймыз.
Сондай-ақ, бұл операция құлақтың артын аздап тіліп қана жасалады. Оның орнына біз операцияны эндауральды түрде, яғни құлақтың ішінде жасаймыз. Бұл әдіс кезінде құлақ жарғағында бірнеше кішкене тесіктер жасалады. Осыдан кейін қарап отырып, жыртылған жерді анықтап, есту сүйекшелерінің тізбегін қалпына келтіре аламыз».
Талапбек Мұратұлының айтуынша, мұндай операция есту қабілетінің кондуктивтік жоғалуы орын алған көптеген жағдайларда жасалады. Бұл дыбыстың өтуіне кедергі келтіретін есту қабілетінің бұзылуы. «Құлақтың естуіне қатысты проблемалары бар барлық адамдарды тексеруге, есту қабілетін қайта қалпына келтіріп көруге болады. Біз әрдайым пациенттерімізге көмектесуге тырысамыз: нақты проблемасын анықтап, оны шешуге тырысамыз», - деп әңгімесін аяқтады Талапбек Мұратұлы және пациентіне тез сауығып кетуін тіледі.
Президенттік клиниканың баспасөз қызметі