Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Нұр-Сұлтан қаласының № 6 қалалық емханасы базасында "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын алды. Вакцинаның алғашқы дозасын алған сәттен бастап 21 күн өтті.
Еске сала кетейік, ҚР Президентiнiң тапсырмасы бойынша 1 ақпаннан бастап коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинация басталды. Бүгінгі таңда 20 мың медицина қызметкері вакцинацияланды.