Басты бетПатогистология

Патогистология

Патогистология

4.png

Бірқатар аурулар кезінде дәрігерлер адам ағзасында болып жатқан өзгерістерді «өз көзімен» көруі керек.


Дәрігерлер алдымен биопсия жасайды. Мұны операция барысында немесе жеке манипуляция түрінде жасауға болады.
Болжамды ауырған жерден тіннің бір бөлігін алу өте маңызды. Мысалы, адамның терісінен.

Осыдан кейін дәрігер-патологоанатом микроскоп арқылы зерттеу үшін алынған тіннің бөлігімен дайындық манипуляциясын жүргізеді.

Зерттеу нәтижесінен кейін барлық жағдайды нақты көруге болады.

posts IG 2.png


Дәрігер-патологоанатомдар тіндерді патологиялық ауытқулардың болу-болмауына мұқият зерттейді.
Қатерлі ісік немесе аутоиммундық аурулар сияқты аурулар кезінде біздің ағзамыздың тіндері өзгеріске ұшырайды: жасуша пішіні, құрылымы және сыртқы ортасы, сондай-ақ жасуша түрі мен мөлшері.

Дәрігер-патологоанатомдар дәл осындай өзгерістерді табады. Олар білімі мен тәжірибесіне сүйене отырып, нақты диагноз қояды. Бұл өз кезегінде науқасқа көмектесе алады.

Президенттік клиниканың дәрігер-патологоанатомдары келесі жағдайларда Сізге көмектесе алады:

  • кез келген жерден алынған, күрделілігі түрлі санаттағы материалды қосымша гистохимиялық бояуларды пайдалана отырып, патогистологиялық зерттеу;
  • басқа медициналық орталықтар әзірлеген дайын тіннің гистологиялық препараттарын-материалдарын қайта қарау.