Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз және Сіздерге мықты денсаулық, мансап жолында жоғарылау және барлық жақсылықты тілейміз!
Сондай-ақ, оқырмандарымыздың есіне атаулы мамандықтың маңыздылығын сала кеткіміз келеді, өйткені операциялық мейірбикесіз бірде-бір операция сәтті өтпес еді.
Операция бөлмесіндегі мейірбике – операция бөлмесін дайындайтын және хирургтардың әрбір қимылын бағып, әр манипуляция кезінде көмек көрсететін адам.
Хирург ойлап тұрғанда, мейірбике керекті аспапты дайындап тұрады. Дәл осы тандем операциялар кезіндегі маңызды аспект болып табылады.
Операциялық мейірбикелерді тағы да шын жүректен мерекелерімен құттықтаймыз!