Басты бетДәрігер Несіпбаеваның күлімдеген күлкісі

Дәрігер Несіпбаеваның күлімдеген күлкісі

Дәрігер Несіпбаеваның күлімдеген күлкісі
Бүгін біз Президенттік клиниканың дәрігер-оториноларингологы Айнур Несіпбаева туралы әңгімелейтін боламыз.

Сұхбаттың басында Айнұр бірден өнер туралы әңгіме қозғайтынын айтты. Өнер - бұл кескіндеме немесе медицина болсын, оның өмірінің бір бөлігі екендігі сезіліп тұрды.

«Жалпы мен өнерді жақсы көремін. Мүмкін, бірнеше жыл Санкт-Петербургте тұрып, сол қаланың мәдениетінен сусындап үлгергенімнен болар. Мен Мариин театрына, Камералық театрға және Эрмитажға жиі баратынмын.
Мен бала кезімнен сурет саламын. Бірақ соңғы бірнеше жыл арт-интерьер дизайнымен айналыса бастадым: бұл эпоксидті шайыр, поталь, текстуралық паста және акрил.

Менің соңғы жұмысым — Финикс. Бұл идея қатты суық күндері күнді қатты сағынғандықтан пайда болған. Таңертең қарасаң, аспан түнеріп күн көрінбейді, жылу сыйлайтын сәуле жоқ. Сол кездері ашық-қызыл күсті фениксті салғым келіп кетті. Оған қарап отырып, жаның жылынады».

Біз Санкт-Петербург және ең қызықты орындары туралы сұрауды шештік. Айнұр бірден гидтің айтпайтын жерлерін білетінін айтты.

«Санкт-Петербургте көптеген қызықты орындар бар. Тіпті қайсысы жайлы айтарымды да білмеймін. Ол жерде Репино және Комарово деген керемет әдемі жағажайлар бар. Әлгі әнге қосылған Комаровоның дәл өзі,- деп Айнур «Я уеду в Комарово» - деп әндете кетті, одан әрі - ол жерге электричкамен барасың, онда жағажай, Финляндия шығанағы және қарағайлы орман бар. Өте әдемі енді!»

Сұхбатымыздың соңында Айнұр өзінің өмір сүру ұстанымымен бөлісті және ол үшін мейірімді, жанашыр болу өте маңызды екенін айтты:

«Әлемдегі ең мейірімді дәрігер! Бұл шынымен мен туралы айтылған шығар!»

улыбка врача-13.png