Бахтияр бізге өзінің жастық шағы туралы айтып өтті. Бахтияр студент кезінде достарымен бірге көңілді тапқырлар клубына қатысып, балалар лагерінде жұмыс істеген екен:
«Біз де басқа студенттер сияқты, тек өз саламызда ғана емес, жан-жақты дамуға тырыстық. Жан-жақты болдық.
Жалпы, медицинада ең бастысы - бұл адамдармен араласу. Болашақта дұрыс қарым-қатынас құруда өмірлік тәжірибемнің болғанын қаладым.
Біз группаластарымызбен КТК-ға қатыстық, соның арқасында көп сапарларға шықтық.
Сондай-ақ, мен 2-3 жылдай балалар лагерінде пионер-тәлімгер болдым. Бұл маған ұнайтын, мен мүмкіндігінше түрлі жерлерді аралап шығуға тырыстым. Мен мұғалімдікті үйренгім келді, айталық, педагогикалық бағытта жүрдім десе де болады. Ал мені лагерлерге көбінесе болашақ дәрігер ретінде шақыратын: себебі балалар лагерінде түрлі жағдайлар болуы мүмкін емес пе. Шынында да, балалармен түрлі жағдайлар орын алатын: біреуі жарақат алып, біреуінің созылмалы ауруы қозып дегендей. Бақытымызға орай, балалар дәрігері болмасақ та, студент-медик ретінде балаларға бастапқы кезеңде әрдайым көмектесуге, ауруханаға жіберуге және т.б. көмектесіп жүрдік.»
Сондай-ақ, Бахтияр өзінің өмірлік ұстанымы - ағылшын ақыны және жазушысы Оскар Уайльдтың сөзі екенін айтты:
«Адам өз болмысын, шынайылығын жоғалтпауы керек. Қалғаны маңызды емес.»