Басты бетСпутник V: қалай вакцина COVID-19 жеңуге көмектеседі?

Спутник V: қалай вакцина COVID-19 жеңуге көмектеседі?

Спутник V: қалай вакцина COVID-19 жеңуге көмектеседі?

65.png

«Вакцина» дегеніміз не? 

Вакцина - бұл арнайы антиденелерді ынталандыру арқылы белгілі бір ауруға қарсы иммунитетті дамытатын препарат.

Немесе басқа сөзбен айтқанда:

Вакцина ағзаға енген кезде иммунитет «жаттығады», осы инфекциямен әрі қарай күресу стратегиясын құрады.

Осыдан кейін адам ағзасында инфекцияны нағыз «шайқаста» тез және тиімді жеңуге бағытталатын «жады» пайда болады.

Аталған «жады» адамның иммундық жасушаларында сақталады. Осы вирус жұққан кезде, жасушалар тез арада жауап беріп, вирус көбейгенге дейін оны жояды.

Спутник V жұмыс принципі

Бұл қосалқысы бар аденовирусқа негізделген екі компонентті векторлық вакцина, ол коронавирустың сыртқы бетіндегі «бүрлерге» жауап беретін S-нәруызының фрагментін кодтайды.

Немесе басқа сөзбен айтқанда:

Спутник V - бұл Сіздің ағзаңызға коронавирустың генетикалық кодының аздаған бөлігін алып кіретін, Сіздің «агентіңіз».

Бұл «код» вирустың «қабығының» кейбір бөліктеріне айналып, ешқандай зиянды ақпаратты қамтымайды.

Осылайша, біздің иммунитетіміз бұл «қабықты» көреді, сол арқылы жаттығады және күресу стратегиясын есте сақтайды.

69.png

71.png

Неліктен V спутнигімен екі вакцинация жасау қажет?

Әрбір вакцинацияда екі аденовирустық вектор және коронавирустық S-нәруызының бірдей коды бар. Екінші вакцинация 21 күннен кейін салынады және ол иммундық реакцияны күшейте түседі.

Басқаша айтқанда:

Екі вакцинада иммунитетті жаттықтыратын екі агент бар.

Бірақ екінші агент Сіздің ағзаңызды қосымша жаттықтыруға мүмкіндік береді.

Бұл әдіс тек бір агентті немесе екі бірдей агентті қолданудан тиімдірек.