Басты бетҚұздамалық артрит: аңыздар

Құздамалық артрит: аңыздар

Құздамалық артрит: аңыздар

2-ақпан құздамалық артрит, диагностикасы және емдеу туралы ақпаратты тарату күні болып табылады

Біз Сіздерге осы ауру туралы баяндауды, атап айтқанда ҚА-ға қатысты кейбір «аңыздарға» шолу жасауды жөн көрдік.

№1 аңыз

Құздамалық артрит – бұл қартаюдың салдары

Құздамалық артрит «жас келгенде» пайда болуы мүмкін деген жаңсақ ой. 

Шындығында, бұл ауру қартаюға байланысты емес, ол 30 бен 60 жас аралығында пайда болады.

№2 аңыз

Құздамалық артрит (ҚА) және остеоартрит (ОА) – ұқсас аурулар.

Аурудың екеуі де буындардың жұмысына әсер еткенімен, бұл түрлі себептерден туындаған екі түрлі жағдай.

ОА жарақаттардан және буындардың тозуынан туындайды.

РА – аутоиммундық ауру, ол кезде иммунитет буындарға «шабуыл» жасайды. 

№3 аңыз

Құздамалық артрит (ҚА) тек буындарды зақымдайды. 

Ауру басталғанда пациенттер буындарымен байланысты проблемаларды байқайды, бірақ кейін ҚА:

  • тыныс алу жүйесі
  • жүрек-тамыр жүйесі
  • тері
  • көру органдарының
  • бүйрек
  • жүйке жүйесінің
  • қанның нашарлауына алып келеді

№4 аңыз

Құздамалық артрит кезінде спортпен шұғылдануға болмайды. 

Керісінше, тұрақты дене шынықтыру жаттығулары пациенттер үшін пайдалы: олар жаттығуды жасамайтын пациенттермен салыстырғанда өздерін жақсы сезінеді.

Алайда ҚА-мен ауыратын пациенттерге жаттығулардың барлық түрлері жарай бермейді. Дәрігердің консультациясы қажет.

№5 аңыз

Құздамалық артритке ешнәрсе «істеуге» болмайды.

Дәрі-дәрмектер аурудың дамуын баяулатып, жоғарыда сипатталған нашарлаулардың алын алуы мүмкін.

Сондықтан да көңіл-күйді түсірмей, емделу қажет!

58.png