Басты бетДәрігер Чалимованың күлімдеген күлкісі

Дәрігер Чалимованың күлімдеген күлкісі

Дәрігер Чалимованың күлімдеген күлкісі
Бүгін біз Президенттік клиниканың акушерлік-гинекологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Ольга Чалимова туралы әңгімелейміз. Сіздерге Ольга туралы көптен бері айтқымыз келіп жүрген, алайда күні бүгінге дейін оның сәті түспеген еді. Ал бүгін, белгілі болғандай, ол кісінің туған күні екен! Осыған байланысты біз Ольганы туған күнімен құттықтаймыз және оған барлық жақсылықты тілейміз!

Ольганың айтуынша, оның өмірінде медицина маңызды орын алады. Сол себепті де біз ол кісінің неліктен дәрігер болғысы келгендігі туралы білуге тырыстық:

«Бұл сұрақ... Мен ешқашан дәрігер болуды армандаған емеспін, ешқашан да. Балалар кішірек кезінде: «Мен өскенде дәрігер болғым келеді!» - дейді ғой әдетте, алайда, менде ондай болған жоқ. Мен әпкем сияқты, экономика факультетіне түскім келді: әпкем де, анам да есепші, мен де есепші болуым керек деп ойладым.

Бірақ бәрі алланың қалауымен болады екен. Құрбым екеуімізді қалаға ата-аналарымыз алып келді, біз университет іздей бастадық. Аграрлық университетке, инженеркаға кірдік. Содан кейін медициналық академияға да соғып кетуді шештік. Ол кезде басты корпустары Сарыарқада болатын. Барлығы аппақ халатпен жүр, дәрігерлер мен оқытушылар да сырт көзге сондай сымбатты көрінді. Дәрігерлердің мәртебесі де өзгеше екендігі бірден түсінікті болды. Маған осы жағдай қатты әсер еткен болу керек.

Осы сәтте құрбым екеуміз осы университетке құжаттарымызды тапсырып, өмірімізді медицинамен байланыстырамыз деп шештік.

Бір ай дайындалдық, сол институтта қосымша курстарға бардық. Биологияны, орыс тілін, Қазақстан тарихын оқыдық... Осылайша бір ай бойы біз қалада жалғыз тұрдық, ал жасымыз болса небәрі 17-де болатын, елестетіп көріңізші?

Біз бірінші реттен-ақ оқуға түсіп кеттік, бізбен бірге екінші немесе үшінші реттен кейін оқуға түскен, училищені бітірген, дәрігер болғысы келген және дайындалып жатқан адамдар да болды. Сондықтан, мен бұл тағдыр деп ойлаймын».

Ольга өзінің таңдауына өкінеді ме деген сұрақ бірден пайда болды. Бірақ іштей оның жауабын да білдік:

«Мен өкінбеймін. Көптеген адамдар менен шаршамадың ба деп сұрайды Жоқ, мүлдем олай емес. Мен күнде жұмысқа қуана-қуана келемін. Әрине кейде шаршап, ертеңгісін тұрғым келмейтін кездер де болмайды емес, болады. Ондай кездері барлық күш-жігерімді жинап, жұмысқа келемін де, барлық шаршағанымды ұмытып кетемін.

Мен әрқашан: «Мен басқа саланы білмеймін, тіпті өзімді басқа салада елестете алмаймын», - деймін. Кейбіреулер медицинадан кетіп жатады, бірақ мен жұмыстан шығып, медицинадан өзге жерде жұмыс істеуді елестете алмаймын».

Ольга өз балалары туралы да әңгімеледі: оның екі қызы бар, екеуі де шығармашылықпен айналысады. Ең кішісі өнер мектебіне барады, ал үлкені билейді. Үлкен қызы немен айналысқысы келетіні туралы сұрағанда, Ольга бірден былай деп жауап берді:

«Ол дәрігер болады. Қазірше нақты қандай дәрігер болатынын білмейді, бірақ дәрігер болғысы келеді».

Ольга өзінің өмірдегі ұстанымдары туралы айта отырып, осы ұстанымдарды өзінің қыздарына да үйрететінін айтты:

«Мен балаларыма кез-келген жағдайды қабылдауды үйретемін. Адам өз қателігін түсініп, оларды мойындауы керек. Қатесін қабылдап, келесі жолы қателік жібермейтіндей дұрыс жолды таңдап үйренуі керек».

улыбка врача-4.png