Басты бетПрезиденттік клиникада Павел Кызласовтың шеберлік клаcсы аясында үрпі мен ермүше хирургиясы бойын...

Президенттік клиникада Павел Кызласовтың шеберлік клаcсы аясында үрпі мен ермүше хирургиясы бойынша бірқатар күрделі операциялар жүргізілді

Президенттік клиникада Павел Кызласовтың шеберлік клаcсы аясында үрпі мен ермүше хирургиясы бойынша бірқатар күрделі операциялар жүргізілді
Қазіргі уақытта Президенттік клиникада осы саладағы жетекші мамандардың бірі – медицина ғылымдарының докторы, урология және андрология орталығының жетекшісі, «Ресей Федерациясының Мемлекеттік ғылыми орталығы – А.И. Бурназян атындағы Федералды медициналық биофизикалық орталық» федералды мемлекеттік бюджеттік мекемесінің урология және андрология кафедрасының профессоры, уролог Павел Кызласовтың үрпі және ермүше хирургиясы бойынша айлық шеберлік классы өтуде.

Шеберлік класс дәрістер сериясын және микрохирургиялық дағдыларды талап ететін бірқатар күрделі операцияларды жүргізуге және ауыз қуысының шырышты қабығын қолдану арқылы алмастырғыштарды жасауға бағытталған. 

Өкінішке орай, Қазақстанда әртүрлі патологиялардан зардап шегетін және күрделі реконструкциялық операцияларға мұқтаж пациенттер көп. «Шын мәнінде, бұл андрология және үрпі мен жыныс мүшесіне жасалатын операциялармен байланысты өте өзекті және маңызды мәселе», – дейді Президенттік клиниканың уролог дәрігері Бахтияр Қасымов. – Айта кету керек, біздің «андрологиялық» ортамызда бұл аспект онша дамымаған: біз мұндай пациенттерге хирургиялық операциялардың толық арсеналын ұсыну деңгейіне жетпедік».

Нұр-Сұлтанға келгеннен кейін Павел Сергеевич шеберлік класс үшін көптеген «жағдайы күрделі» пациенттерді іріктеп алғанын, кейіннен оқыту нәтижесіне оң әсер еткенін атап өтті: «Мұндай пациенттер неғұрлым көп болса, дәрігерлердің түрлі әдістемелер мен операциялық араласулардың вариацияларын көру мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады». 

Осылайша, шеберлік класс барысында бірқатар күрделі операциялар жүргізілді, олардың кейбіреулері Нұр-Сұлтанда алғаш рет өткізіліп отыр.

Пациенттердің бірі – несеп шығару каналы тарылған ер адам болды: «Жақында біз үрпісі шамамен 15 см тарылған пациентке операция жасадық, – дейді Павел Сергеевич. – Ер адамның туа біткен үрпі патологиясы болған: бала кезінде оған операция жасап, сыртқы қабаты түкті ұма терісі пайдаланылған. Кейіннен түктерде тастар пайда болып, олар пациенттің зәр шығаруына кедергі келтірген. Бұл жағдайды түзету және науқастың өмір сүру сапасын жақсарту үшін, біз жіңішке жамбас бұлшықеті мен ауыз қуысының шырышты қабығын қолдана отырып, реконструкция жасадық». Дәрігердің айтуынша, бұл әдістер жергілікті тіндер болмаған кезде қан айналымды және үрпі түтігін жеткілікті ету үшін қолданылады.

Сондай-ақ, Бахтияр Галиевич туа біткен ауру –дың гипоспадиясынан зардап шеккен пациент туралы әңгімеледі. «Бұл патология үрпі тесігінің дұрыс орналаспауымен сипатталады», – дейді дәрігер. – Пациент несеп жолының жыныс мүшесінің басында емес, діңінде орналасқандығынан зардап шеккен».

Пациент бұл операцияны бала кезінде жасау керек болғандығы, бірақ әртүрлі себептермен оны кейінге қалдырыла бергендігі туралы есіне алады. «Биыл мен осы қадамға бел байлап, Бақтияр Ғалиевичке жүгіндім. Маған портал арқылы тегін операция жасады», – деп бөлісті бізбен пациент.

Қазіргі уақытта барлық пациенттер қалпына келу сатысынан өтіп жатыр: «Олар операциядан кейінгі кезеңде мұқият және жіті бақылауды қажет етеді», – дейді Бахтияр Галиевич. – Қазіргі кезде біздің өз көзімізбен көруге, қандай озық технологиялар пайдаланылып жатқанын білуге және халықаралық ұсыныстарды қолдануға тамаша мүмкіндігіміз бар».

Шеберлік класстың ұзақ мерзімді перспективасы – Қазақстандағы барлық мұқтаж пациенттерге қолжетімді және жоғары сапалы медициналық көмек көрсету үшін хирургияның осы бағытын дамыту болып табылады. «Біз осындай аурулардан зардап шегетін науқастарға шетелге бармай, өз елімізде толыққанды көмек көрсетуге қаблетті орталықтардың біріне айналғымыз келеді», – деп қорытындылады №4 хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ерлан Еңсебаев.

40.png