Медицина - үздіксіз дамып келе жатқан сала, дәрігерлер дәрі-дәрмек немесе операциялық араласу болсын, әрдайым диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін іздеп отырады.
Бүкіл әлемдегі медицинаны дамытудың басты факторларының бірі – тәлімгерлік пен өзара құнды тәжірибе алмасу деп атауға болады. Дәрігерлер осылай әр пациентті емдеп жазу үшін жаңа әдістерді біліп отырады.
Сондықтан да Президенттік клиникада арнайы шақырылған дәрігерлердің қатысуымен үнемі шеберлік кластар өткізіліп тұрады. Осы жолы қаңтар бойы урологиялық және андрологиялық ауруларды жедел емдеу бойынша тәлімгерлік бағдарламасы өтеді. Тәлімгерретінде медицина ғылымдарының докторы, урология және андрология орталығының жетекшісі, «Ресей Федерациясының Мемлекеттік ғылыми орталығы – А.И. Бурназян атындағы Федералдық медициналық биофизикалық орталық» Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінің урология және андрология кафедрасының профессоры, уролог-дәрігер Павел Кызласов жүргізеді.
Дәрігердің айтуынша, бағдарлама үрпі және ерлер жыныстық хирургиясы бойынша дәрістер мен шеберлік кластарды қамтиды. Осы бағдарлама барысында Президенттік клиника дәрігерлері құнды тәжірибе жинақтап, күрделі операцияларды одан әрі жүргізу үшін қажетті дағдыларын шыңдайды.
«Президенттік клиникада көптеген операциялардың алғашқы рет өткізіліп отырғанына қарамастан, дәрігерлер оқуға өте белсенді қатысуда деп айтқым келеді: урологиялық бөлімнің барлық ұжымы дәрістерге де, операцияларға да қалмай келіп жүр. Шеберлік сабақты үйреншікті жағдайда өткізудің артықшылығы - дәрігерлер өз орындарында, өз құралдарымен жұмыс істейді. Олар бұл операцияны болашақта жасай алатынын түсінеді» - дейді Павел Сергеевич.