Денсаулық сақтау технологияларын бағалау және стратегиялық даму орталығы 2015 жылдың сәуір айынан бастап «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» ШЖҚ РМК құрылымдық бөлімшесі ретінде жұмыс істейді.
Негізгі мақсаты
- қауіпсіздікті және клиникалық-экономикалық тиімділікті бағалау негізінде республиканың практикалық денсаулық сақтауына жаңа әдістемелер мен технологияларды (инновацияларды) трансферттеуге және енгізуге ықпал ету (денсаулық сақтау технологияларын госпитальдық бағалау)
Негізгі міндеттер
- заманауи медицина ғылымы мен техникасының жетістіктерін ескере отырып, Аурухана практикасына денсаулық сақтау технологияларын трансферттеу мен енгізуді әдістемелік және әдіснамалық сүйемелдеу;
- ТМККК есебінен және МӘМС жүйесінде (ЖМК, ЖТМК, медициналық қызметтер тарификаторы, бірегей технологиялар) өтелетін технологиялар тізбесіне енгізуге өтінімдер жасау және беру үшін клиникалық тиімділікті, қауіпсіздікті және экономикалық орындылықты ескере отырып, дәлелді медицина қағидаттары негізінде денсаулық сақтау технологияларын бағалау мен іріктеу;
- жаңа технологиялар мен инновациялық жобаларды енгізуге, сондай-ақ Аурухана тәжірибесінде қолданылатын технологияларды қосымша жарақтандыру мен жаңғыртуға инвестициялаудың орындылығын бағалау (денсаулық сақтау технологияларын госпитальдық бағалау);
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен инновациялық қызметті жетілдіру және республиканың практикалық денсаулық сақтауға жаңа технологиялар трансферті саласында өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
- шетелдік және республикалық кәсіптік қауымдастықтармен және ұйымдармен денсаулық сақтау технологияларын бағалау және инновациялық қызмет саласындағы әріптестікті дамыту;
- мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көмекті (ЖТМК) жүргізуге рұқсат алуға өтінімдер жасау және беру;
- Аурухананың Даму стратегиясын әзірлеу мен бекітуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, Стратегияны іске асыру жоспарының орындалуына мониторинг жүргізу.
Денсаулық сақтау технологияларын бағалау орталығы (ДТБ) Қазақстанда денсаулық сақтаудың жекелеген ұйымы (денсаулық сақтау технологияларын госпитальдық бағалау) деңгейінде медициналық технологияларды (денсаулық сақтау технологияларын) бағалау жүйесін енгізу мен пайдаланудың алғашқы үлгісі болып табылады.
Орталық қызметкерлері ғылыми негізделген басқару шешімдерін қабылдау үшін денсаулық сақтау технологияларын госпитальдық бағалау жүйесін енгізу мен пайдаланудың өзіндік тәжірибесінің нәтижелерін тұрақты негізде жариялайды:
- Денсаулық сақтау технологияларын госпитальдық бағалау бойынша есептер базасы
- Орталықтың денсаулық сақтау технологияларын госпитальдық бағалау саласындағы ғылыми және әдістемелік қызметінің негізгі нәтижелері
Денсаулық сақтау технологияларын госпитальдық бағалау орталығы келесі халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады:
- Денсаулық сақтау технологияларын бағалау жөніндегі халықаралық қоғам (Health Technology Assessment international, HTAi, https://htai.org/), мұнда ҚР ПІБ МО ауруханасы денсаулық сақтау технологияларын госпитальдық бағалау бойынша жұмыс тобының мүшесі болып табылады
- Денсаулық сақтау саласындағы технологияларды бағалау жөніндегі мамандар қауымдастығы (Ресей Федерациясы), http://htaa.ru/
Денсаулық сақтау технологияларын госпитальдық бағалау орталығы өз қызметі шеңберінде денсаулық сақтау ұйымдарымен, кәсіби қауымдастықтармен, өндіруші компаниялармен және дистрибьюторлармен келесі бағыттар бойынша ынтымақтастыққа әрдайым дайын:
- Республиканың практикалық денсаулық сақтау саласына жаңа технологияларды трансферттеу және енгізу;
- ҚР ПІБ МО ауруханасы базасында жаңа технологияларды апробациялау;
- Клиникалық зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізу;
- Практикаға әртүрлі медициналық технологияларды (медициналық жабдықтар, медициналық мақсаттағы аспаптар мен бұйымдар, дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қосылыстар, клиникалық және диагностикалық рәсімдер, IT технологиялар) енгізудің орындылығына клиникалық-экономикалық (оның ішінде фармакоэкономикалық) талдау жүргізу;
- Медициналық технологияларды госпитальдық бағалау.
Кадрлық құрам:
1. Андрей Владиславович Авдеев – Орталық басшысы, философия докторы (PhD), денсаулық сақтау технологияларын бағалау, денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар, 50-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы, оның ішінде халықаралық рецензияланатын журналдарда да жарық көрген жарияланымдары бар. Қазіргі таңда денсаулық сақтау технологияларын бағалау жөніндегі халықаралық қоғамның (HTAi) және фармакоэкономика мен клиникалық нәтижелер саласындағы халықаралық зерттеулер қоғамының (ISPOR) мүшесі.
2. Махаббат Серікқызы Өкеш – Орталық маманы, мамандығы – жалпы хирург дәрігер. Денсаулық сақтауды ұйымдастыруда және медициналық қызметтердің тарифін жетілдіруде 7 жылдан астам тәжірибесі бар.
3. Таңшолпан Бауыржанқызы Айманова – Орталық маманы, қоғамдық денсаулық сақтау бакалавры, биотехнология магистрі. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру мен басқаруда, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын мониторингтеуде және медициналық технологияларды бағалау саласында 5 жылдан астам тәжірибесі бар.
4. Айжан Оралбекқызы Ақжол – маман, молекулалық медицина магистрі, «Биомедициналық ғылымдар бакалавры» мамандығы бойынша «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Онкология саласындағы ғылыми зерттеулер саласында 5 жылдан астам тәжірибесі, сондай-ақ ми ісіктерін диагностикалауға жаңа технологияларды енгізу бойынша тәжірибесі бар.
Байланыс деректері:
Мекенжай: Астана қ., Е-495 к-сі, 2-ғимарат, F блогы, 3-қабат, 42-каб.
Телефон: +7-7172-70-79-58
E-mail: hbhtakz@gmail.com