Басты бетМедициналық статистика бөлімі

Медициналық статистика бөлімі

Медициналық статистика бөлімі аурухананың құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Медициналық статистика бөлімінің негізгі мақсаты аурухана басшылығының басқарушылық шешімдер қабылдауы үшін бөлімшелермен медициналық қызметтерді өндіру туралы уақытылы, дұрыс және сапалы статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету. Медициналық статистика бөлімі өз қызметін аурухананың барлық құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-әрекетте жүзеге асырады.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

1) мүдделі тараптармен бірлесіп, кәсіпорынның бастапқы медициналық құжаттамасын және есептілікті ресімдеу тәртібін, ішкі талаптарын және нысандарын әзірлеуге қатысу;

2) алғашқы ақпараттық материалды толық және дұрыс талдау негізінде аурухана пациенттерінің демографиялық, эпидемиологиялық және әлеуметтік көрсеткіштерін талдау және статистикалық мониторинг, ақпарат жинау;

3) толық және дұрыс бастапқы ақпараттық материал негізінде ақпаратты жинау, статистикалық мониторинг және аурухананың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін талдау;

4) статистикалық ақпаратты және бастапқы медициналық құжаттаманы сақтау;

5) статистикалық ақпаратты және бастапқы медициналық құжаттаманы уақтылы ұсыну;

6) статистикалық ақпараттың дұрыстығын және оны ұсынудың уақтылығын бақылау.

 

Медициналық статистика бөлімінің бастығы:

Ысқақова Нұрсұлу Даукенқызы – жоғары санатты дәрігер. Дәрігер-сарапшы, денсаулық сақтауды ұйымдастырушы.

 

Біз Сізге біздің Буруханада медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға көмектесетін сіздің өтініштеріңіз, пікірлер мен тілектеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз!

Біздің мекен-жайымыз: Нұр-сұлтан қ-сы, Мәңгілік Ел даңғ., 80, F блок, 29 кабинет.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 70-79-66.