Қазіргі әлемде созылмалы аурулардың көптеген түрлері бар және олардың әрқайсысы ерекше назар аударуға лайықты десек болады. Бүгін біз сіздермен демікпе туралы сөйлескіміз келеді.
Демікпе - бұл кең таралған ауру: қазіргі уақытта ДДҰ-ның бағалауы бойынша әлем бойынша 235 миллионға жуық адам осы аурудан зардап шегеді. Ал балалар арасында демікпе ең жиі кездесетін созылмалы ауру болып саналады.
Бұл созылмалы ауру тұншығу мен ысқырықты тыныс алуды тудырып, адамның өміріне айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Ауру диагноз қойылмаған және тиісті түрде бақыланбаған жағдайларда ауыр зардаптарға және тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
Сондықтан емін-еркін тыныс алу үшін уақытында дұрыс диагноз қою және ауруды бақылауда ұстау өте маңызды.
Дүниежүзілік бронх демікпесімен күрес күні біз сіздермен пайдалы инфографикамен бөлісеміз, онда сіз аурудың қауіп факторлары, белгілері, алдын алу және диагностикасы туралы ақпараттарды таба аласыз.
Егер сіз өзіңізде инфографикада сипатталған белгілерді байқасаңыз, дереу пульмонологқа қаралуыңыз керек.
Өзіңізде сақтап алыңыз және жақындарыңызбен бөлісіңіз!