Осылайша, Президенттік клиниканың дербестендірілген геномдық диагностика зертханасы базасында "Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы" АҚ қызметкерлері үшін "генетикалық патологияны диагностикалау кезіндегі цитогенетикалық және молекулалық (ПТР) әдістер" тақырыбында шеберлік-кластар өткізілді. Шеберлік-кластар 2020 жылғы 2-13 қараша аралығында өтті және шамамен 108 сағаттық оқуды құрады, оқу соңында барлық қатысушылар тиісті сертификаттар тапсырылды.
Оқуды жүргізгендер:
- Гүлшара Әбілдинова, Президенттік клиниканың дербестендірілген геномдық диагностика зертханасының жетекшісі, жоғары санатты дәрігер-генетик, медицина ғылымдарының докторы, профессор.
- Анна Боровикова, Президенттік клиниканың дербестендірілген геномдық диагностика зертханасының дәрігер-генетигі, бірінші санатты дәрігер;
- Жанна Жабакова, Президенттік клиниканың дербестендірілген геномдық диагностика зертханасының дәрігер-генетигі.