Басты бет«Анашым, мен дем алып тұрмын, мұрныммен дем алып тұрмын!»- 20 жыл бойы жоқ аллергияны қалай емдег...

«Анашым, мен дем алып тұрмын, мұрныммен дем алып тұрмын!»- 20 жыл бойы жоқ аллергияны қалай емдегені туралы әңгіме.

«Анашым, мен дем алып тұрмын, мұрныммен дем алып тұрмын!»- 20 жыл бойы жоқ аллергияны қалай емдегені туралы әңгіме.

20 жыл бойы аллергиясын нәтижесіз емдеп келген Атырау қаласының 42 жастағы тұрғыны Президенттік клиникадан көмек сұрады.

Үнемі мұрынның бітелуі, тыныс алудың қиындауы, тұрақты түрде болып тұратын түшкіру ұстамалары, мұрынның құрғауы, суыққа және шаңға реакция - Атыраулық әйел соңғы 20 жыл бойы осылайша өмір сүрген. «Біз Ғалия Түсіпбекованың байланыстарын интернеттен тауып алып, оның көмегіне жүгіндік. Ол карантин әлсіреген кезде кеңес алу үшін келіңіздер деді», - деп әңгімелейді пациенттің анасы.

2000 жылдардың басында пациент аллергологтан көмек сұрайды. Аллергиялық ринит диагнозы қойылады. Ол әртүрлі ем қабылдайды, бірақ бәрі бекер болады. «Сонымен қатар, оған қазіргі уақытта пациенттерді емдеуде қолданылмайтын глюкокортикоидты препарат - дипроспан қабылдау жазылған екен. Дипроспан жағдайды уақытша жеңілдетеді, ал оны үнемі қолданудың көптеген жанама әсерлері береді», - дейді Президенттік клиниканың аллерголог-иммунологы Ғалия Түсіпбекова. 

Президенттік ауруханада, аллергология орталығында Ғалия Түсіпбекова барлық ингаляциялық аллергендермен зертханалық зерттеулер жүргізді және жалпы және жергілікті аллергия маркерлерінің деңгейлерін анықтады. Алайда, аллергия белгілері табылған жоқ. Компьютерлік томографияға бағытталды. Дипроспанмен емдеу тоқтатылды.

«КТ нәтижелері бойынша мұрын кеңсірігінің қисықтығы және созылмалы синусит ауруы бар екендігі расталды. Біз оған кеңсірікті хирургиялық жолмен түзетуді ұсындық – осы жағдайда бұл ең жақсы шешім болды»,- дейді Президенттік клиниканың дәрігер оториноларингологы Талапбек Әженов. Пациент операцияға келісті және бір айдан кейін портал арқылы тегін операция жасалды. Дәрігердің айтуынша, операциядан бір күн өткен соң оның арнайы мұрын тампондары алынып тасталды. Пациенттің тынысы айтарлықтай жақсарды. «20 жылдан кейін пациент тағы да мұрны арқылы еш қиындықсыз тыныс алды», - деп еске алады Талапбек Әженов.

«Анашым, мен дем алып тұрмын, мұрныммен дем алып тұрмын!»- осы қуанышты сөздерден кейін бақытты ана дәрігерлерге алғыс айтып, бізге осы оқиғаны баяндап берді.

«Өкінішке орай, дұрыс диагноз қойылмаған және емделмеген пациенттер, әсіресе өңірлерде өте көп, - дейді Ғалия Түсіпбекова мен Талапбек Әженов. - Көбінесе олар бір аурумен емделеді, бірақ іс жүзінде оларда мүлдем басқа ауру болады. Дипроспанды қолдану - бұған айқын мысал, өйткені ол өте зиянды дәрі. Аллергиялық ринит болса да, ол бұл пациентке көмектеспес еді. Біз көмектесе алғанымызға қуаныштымыз!»

Президенттік клиниканың Пресс-қызметі

АНЫҚТАМА РЕТІНДЕ:

Галия Марксовна Тусупбекова – Президенттік клиниканың аллергология орталығының жетекшісі, PhD дәрежесі бар, жоғары санатты аллерголог-иммунолог. Мамандығы бойынша жалпы еңбек өтілі 27 жылды құрайды.

Талапбек Муратович Аженов – Президенттік клиниканың №1 хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер оториноларинголог. Мамандығы бойынша жалпы еңбек өтілі 18 жылды құрайды.

63.png