"Менің сүйікті дәрігерім" көшпелі акциясы аясында Қостанай қаласында Президенттік клиниканың келесі дәрігерлері пациенттерді тегін қабылдайды:
- Алибек Тойбаев - кардиохирург;
- Аблай Сейткалиев – тамыр хирургы;
- Шалкар Смагулов – дәрігер-аритмолог.
Қабылдау күні мен уақыты:
- 2020 жылғы 12 қараша, 12:00 -ден 18:00-ге дейін.
- 2020 жылғы 13 қараша, 12:00 -ден 18:00-ге дейін, үзіліс 12:00 -ден 13:00-ге дейін.
Консультациялық қабылдауға пациент өзімен бірге мыналарды ала келуі тиіс:
- кардиохирургтің қабылдауына кіру үшін: ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы, коронарография дискісі / КТ;
- аритмологтің қабылдауына кіру үшін: ЭКГ, Холтер ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы;
- ангиохирургтің қабылдауына кіру үшін: УЗДГ, КТА.
Қабылдау және жазылу туралы толық ақпарат алу үшін 8 (7142) 39-02-66 телефонына хабарласыңыз.