Бүгін "Зертханалық практика. Болашаққа көзқарас" тақырыбындағы ҚР Зертханалық медицина мамандарының III-ші республикалық форумы өтуде. Аталған форум ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының қолдауымен "Зертханалық медицина федерациясымен" ҚБ ұйымдастырылды.
Пандемия форумды онлайн режимінде өткізуге ғана себеп болған жоқ: биылғы жылы форумға қатысушылар COVID-19 туындаған мәселелерді қарап, талдауға және барлық шешімдер мен инновациялық тәсілдерді талқылауға тырысады.
Іс-шара басталарда барлық қатысушыларды Президенттік аурухананың директоры, профессор, медицина ғылымдарының докторы Валерий Васильевич Бенберин қарсы алды. Өз сөзінде ол қазіргі әлемде, әсіресе пандемия кезінде осындай іс-шараларды өткізудің жоғары маңыздылығын атап өтті
Форум аясында Президенттік аурухана қызметкерлерінің қатысуымен түрлі тақырыптарда дәрістер мен талқылаулар өтеді:
1. Раушан Қарабаева, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер, Президенттік аурухана директорының емдеу-диагностикалық жұмысы жөніндегі орынбасары - форум спикері. Раушан Қарабаева "Жаңа коронавирустық инфекцияның пандемиясы жағдайында клиникалық міндеттерді шешудегі зертхананың рөлі.”
2. Роза Бакенова, медицина ғылымдарының докторы, Президенттік аурухананың бас терапевті, ҚР ПІБ МО ғылыми-клиникалық кеңесі төрағасының орынбасары - форум спикері. Роза Бакенова "Көп бейінді стационар жағдайында пневмонияның этиологиялық диагностикасы”
Сондай-ақ, форумды ұйымдастыруға қатысатын Президенттік аурухана қызметкерлері:
1. Гүлшара Әбілдинова, жоғары санатты дәрігер-генетик, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Президенттік клиниканың дербестендірілген геномдық диагностика зертханасының жетекшісі-іс-шараның негізгі ұйымдастырушыларының бірі.
2. Раушан Қарабаева "Covid 19 пандемиясы" форумының секцияларының бірінде модератор қызметін атқаратын болады. Клиницист пен зертханашының диалогы. Жаңа шындықтар.”
3. Ирина Янковская, Президенттік аурухана зертханасының меңгерушісі екі секцияда модератор рөлін атқарады: "Covid 19 пандемиясы. Клиницист пен зертханашының диалогы. Жаңа шындықтар" және "Covid 19 пандемиясы. Зертханалық қызметтерді мобилизациялау"
4. Әлия Құрманкина Президенттік аурухананың клиникалық-диагностикалық зертханасының меңгерушісі "Зертханалық медицинаның аналитикалық технологиялары" тақырыбында мастер-класс өткізу кезінде модератор болады.
5. Жанар Ибраева Президенттік аурухананың клиникалық-диагностикалық зертханасының микробиологиялық зерттеулер қызметінің аға дәрігері "Коронавирустық инфекцияны диагностикалаудағы микробиологиялық аспектілер" секциясында модератор қызметін атқарады”
6. Әлия Құрманкина мен Жанар Ибраева да форумның менеджерлері.
Форум " Қазақстан Республикасының Зертханалық медицина мамандарының III республикалық форумы» атауымен Youtube - те жүріп жатыр. (https://youtu.be/fdqOGG6oRmw).
Форум аясында сателиттік шеберлік сыныптары "Зертханалық медицинаның аналитикалық технологиялары" атауымен Youtube-те жүріп жатыр. (https://youtu.be/dujt0jER3yU).
Форумның барлық қатысушыларына зертханалық медицинаны дамытуға қосқан үлесі мен қатысқаны үшін алғыс айтамыз!