"Менің сүйікті дәрігерім" көшпелі акциясы аясында Ақтөбе қаласында Президенттік клиниканың келесі дәрігерлері пациенттерді тегін қабылдайды:
- Талгат Жакиев - кардиохирург;
- Ринат Камиев – аритмолог.
Мекенжайы: Актөбе қаласы, Сәңкібай-батыр даңғылы 50, Ақтөбелік медицина орталығының консультациялық-диагностикалық бөлімшесі, 106 кабинет.
Қабылдау күні: 2020 жылғы 19-20 қазан.
Консультациялық қабылдауға пациент өзімен бірге мыналарды ала келуі тиіс:
- кардиохирургтің қабылдауына кіру үшін: ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы, коронарография дискісі / КТ;
- аритмологтің қабылдауына кіру үшін: ЭКГ, Холтер ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы;
Қабылдау және жазылу туралы толық ақпарат алу үшін 8 (7132) 94-17-70 телефонына хабарласыңыз.