Басты бетЛОР бөлімшесі туралы

ЛОР бөлімшесі туралы

ЛОР бөлімшесі туралы

Президенттік клиникада жақында ЛОР дәрігерлер, нейрохирургтардың қатысуымен 12 сағатқа созылған сәтті операция жасады.

Бірақ бұл операцияда ерекше не бар? Неліктен ол 12 сағатқа созылды?

Дәрігерлердің алдында қиын міндет тұрды: пациенттің ортаңғы құлағында өскен өсінді  есту сүйектерінің есту қабілетінің "сиқыры" пайда болатын жерде өскендіктен оны толығымен алып тастау керек болды. Операцияны одан сайын қиындатқан мәселе ол – операция кезінде хирург беттің нервісін немесе ұйқы күретамырына тиіп кетуі мүмкін еді. Қарапайым сөзбен айтқанда, тәуекелдер өте жоғары болды.

Бірақ Президенттік клиникадағы қол жетімді заманауи технологиялардың арқасында бұл тәуекелдер барынша азайтылды. Бұл операция кезінде хирургқа өсіндінің нақты орнын анықтауға және жақын маңдағы нервтер мен тамырларға қол тигізбеуге мүмкіндік беретін нейронавигация әдісі қолданылды. Мұндай құралмен біртіндеп, бірақ дәл және мүмкіндігінше қауіпсіз түрде құлақтың ішінде өскен өсіндіні алып тастады.

Президенттік клиниканың №1 хирургиялық бөлімшесінің "арсеналында" құлақ, тамақ және мұрын проблемалары бар науқастарға көмектесетін көптеген технологиялар бар. Мысалы, ЛОР дәрігерлер әртүрлі зерттеулер мен операцияларды жиі жасайды:

  • Есту қабілетінің нашарлауы, отосклероз, құлағында шуы бар немесе жаңағыдай 12 сағаттық операция жасалған пациент сияқты құлақтың ішінде өсінді пайда болған пациенттерге. Проблемаға байланысты ЛОР дәрігерлер  осы сияқты аурулары бар пациенттерге сүйек немесе кохлеарлық импланттарды және әртүрлі пластикаларды қолдана отырып есту қабілетін жақсартатын операцияларды жүргізеді.
  • Кеңсірігінің қисаюынан, өсінді пайда болғандықтан немесе созылмалы қабыну процестерінің әсерінен тыныс алуы қиындаған пациенттерге. Бұл жағдайда ЛОР дәрігерлердің  "қорында" пациенттерге қайтадан кеңінен тыныс алуға көмектесетін бірқатар эндоскопиялық операциялар бар.
  • Қорылдағаннан зардап шегетін пациенттерге дәрігерлер зерттеулер жүргізіп, қорылдың себебін анықтап, проблеманы шешуге көмектеседі. Осындай зерттеулердің бірі - жоғарғы тыныс жолдарын эндоскопиялық жолмен зерттеуге бағытталған DISE зерттеуі.
  • Адам үшін ең бір маңызды әрекеттердің бірі –жұту болғандықтан,  жұта алмайтын немесе дауыс шымылдықтары кесіліп қалғандықтан  сөйлей алмайтын пациенттерге. Бұл жағдайда пациенттерге алдыңғы қатарлы әдістердің бірі ұсынылады: инъекциялық ларингопластика, бұдан кейін адам бұрынғысынша сөйлей алады және тамақтану кезінде қақалып қалмайды

Егер Сізде немесе сіздің жақындарыңызда осындай проблемалар болса, Сіз Президенттік клиниканың ЛОР дәрігерлеріне тексерілуге және одан әрі ем алу үшін сенімді түрде жүгіне аласыз.

Қабылдауға жазылу немесе қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 70-80-90 нөмірі бойынша Президенттік клиниканың call-орталығына хабарласыңыз.

Өз денсаулығыңызды бізбен бірге сақтаңыз!

37.png