Медицинаның дамуымен көп нәрселер мүмкін бола бастады, өйткені үнемі жаңа дәрі-дәрмектер әзірленіп, диагностикалық әдістер, әртүрлі медициналық құралдар мен операциялардың түрлері жетілдіріліп отырады. Алайда, барлық жағдайларда медицина адамға әдеттегі өмірін сақтауға көмектесе алмайды. Мысалы, бақылауы нашар болған қант диабетінің кесірінен көптеген жағдайларда пациенттер аяқтарынан айырылып қалуы мүмкін. Бұл жағдайда не істеу керек?
Аяқтары ампутацияланған пациенттердің өмір сапасын жақсартуға көмектесетін шешімдердің бірі - протездеу.
Бүгін біз сіздермен Хабар 24 телеарнасының "Ғылым" бағдарламасының "Отандық протездер" атты шығарылыммен бөлісеміз, онда сіз протездер туралы және протездер қандай жағдайларда көмектесе алатындығы туралы біле аласыз. Сондай-ақ, осы шығарылымда Президенттік клиниканың дәрігер-травматологтары Болат Ысқақов пен Мухидин Джума-Ахунов өз пікірлерімен бөліскен болатын.