Басты бетКосметология туралы

Косметология туралы

Косметология туралы

Өз денсаулығын, физикалық және ақыл-ойының саулығын бақылау әр адам баласы үшін маңызды және қажет нәрсе. Бірақ күйбең тіршіліктің қамымен жүрген көптеген адамдар күнделікті өмірдің маңызды аспектісі - тері мен оның жағдайын ұмыт қалдырады. Беті мен денесінің сау терісі адамды өзіне сенімді етеді және жеке өмірі мен мансабында жаңа биіктерге жетуге көмектесетіні анық жағдай.

Президенттік клиниканың қалыпқа келтіру емі және оңалту орталығында сіз әртүрлі жас топтарына арналған бірқатар косметикалық процедураларды қабылдай аласыз. Мысалы:

  • Егер сізде безеу және терінің кішігірім кемшіліктері сияқты проблемалар болса, диагностика жасатып, "Сау эстетика 15+" бағдарламасы бойынша ем қабылдай аласыз.
  • Егер сіз жақында босанып, теріңізді қалпына келтіргіңіз келсе, " Сау эстетика 35+ " бағдарламасын таңдай аласыз.
  • "Сау эстетика 55+" бағдарламасы сізге сау әрі жас көрінуге көмектеседі.

Барлық процедуралар мен емдеулерді, гинеколог-эндокринолог, уролог-андролог және қажет болған жағдайда пластикалық хирург сияқты мамандардың командалық қатысуымен,  дәрігер-косметолог жүргізетінін атап өткен жөн.

Аурухананың ресми сайтындағы толығырақ ақпаратпен танысып, косметологиялық процедуралардың, сондай-ақ қалпына келтіру емі және оңалту шараларының қолайлы бағдарламасын таңдасаңыз болады www.bmcudp.kz: "Аурухана туралы" - "Емхана” - "Қалпына келтіру емі және оңалту орталығы". 

ММД для ИГ-12.png