Медицина әлемінде жүрек пен ашуланшақтық, депрессия және қорқыныш сияқты эмоциялар арасындағы байланыстың белгілі болғанына біраз уақыт болды. Мысалы, қауіпті жағдайда сіз жүрегіңіздің кеудеңізден "секіріп кететіндей" соғып тұрғанын сезе аласыз.
Алайда, біле білсеңіз, күлкі мен қуаныш сезімдері де жүрекпен тығыз байланыста болады екен. Американдық кардиологиялық ассоциациясы адам күлген кезде жүректегі қан тамырларының қабырғалары кеңейіп, кортизол мен адреналин сияқты гормондар азаятынын айтқан екен. Нәтижесінде жүрек жасушаларына көбірек қан келіп, бұл оның жағдайына оң әсер ететін көрінеді.
Бәлкім кей біреулер: "Комедиялар мен әзіл-сықақ шоуларды көбірек көру керек!" деп ойлауы мүмкін. Өкінішке орай, күлкі сізді жүрек-тамыр ауруларынан қорғауға жеткілікті күшке ие емес. Жақсы денсаулық пен жүректің жақсы жағдайы үшін жүрек ауруының алдын-алу бойынша бірнеше ұсыныстарды есте сақтау қажет.
Дүниежүзілік жүрек күні қарсаңында біз сіздермен осы жөніндегі инфографикамен бөлісеміз, онда сіз жүрекке қамқорлық жасаудың негізгі принциптерін көре аласыз!
Өзіңізде сақтап алңыз және жақындарыңызбен бөлісіңіз!