Басты бетГенетикалық паспорт туралы.

Генетикалық паспорт туралы.

Генетикалық паспорт туралы.

Біздің көпшілігіміз өмірімізде ата-аналардың өз балалары туралы «әкесіне тартқан» немесе «анасынан аумай қалған» деген сөздерді  айтып жатқандарын  талай естідік.

Белгілі болғандай, ген - баланың кімге көп тартқандығына ғана кінәлі емес екен. Адамның барлық "күйін" оның генетикалық кодынан байқауға болады. Бұл код адам мен оның организмі туралы негізгі ақпаратты қамтиды. Адамның бойы ұзын бола ма немесе аласа бола ма, баланың терісі мен шашының түсі қандай болады, және адамның қандай ауруларға бейімдірек болатыны осы кодқа байланысты болады.

Геномдық диагностиканың мақсаты -  генетикалық кодтың барлық ерекшеліктерін ашып  көрсететін оның "Генетикалық паспортын" жасау болып табылады. Мысалы, "Генетикалық паспорт" адамдағы диабет немесе жүрек-тамыр ауруларының дамуына бейімділігін анықтай алады.

Алайда, генетикалық "проблемалар" маңызды рөл атқаратын аурулар бар екенін есте ұстаған жөн, ал басқаларында адамның өмір салты ең маңызды фактор болып табылады. Мәселен,  онкологиялық аурулар көбінесе генетикалық болып табылады, сондықтан осы ауруларды емдеуде осы диагностикаға баса назар аудару керек. Оған қоса, кейбір онкологиялық аурулар тұқым қуалайтын болып табылады, сондықтан туыстардағы генетикалық кодтағы "проблеманы" диагностикалау ол - мүмкін болатын аурудың алдын-алу мен емдеуде шешуші фактор бола алады.

Президенттік клиникада Сіз көптеген генетикалық тесттерді  жүргізе алатын дербестендірілген геномдық диагностика зертханасына жүгіне аласыз.

Сондай-ақ, толығырақ ақпаратты Аурухананың ресми сайтындағы "Бағыттар" бөлімінен оқи аласыз.

Соңында "күш - білімде" деп айтқым келеді. Сіздің генетикалық кодыңызда қандай жасырын ақпарат болса да, бұл түңілетін нәрсе емес. Керісінше, бұл сізге сау болуға көмектесетін құрал.

Өз денсаулығыңызды бізбен бірге сақтаңыз!

ММД для ИГ.gif