Біз Сізге анализ нәтижелерін, соның ішінде коронавирустық инфекцияға ПТР анализ нәтижелерін онлайн режимінде алуға болатындығын хабарлаймыз. Сізге бар болғаны:
1. Президенттік клиниканың тіркеу орнына келіп, өзіңіздің аты-жөніңізді, әкеңіздің атын, ЖСН және телефон нөміріңізді айтып, жеке деректеріңізді жаңарту;
2. "e-Presidentialhospital.kz" мобильді қосымшасын жүктеу, App Store және Play Market-те қол жетімді;
3. Өз деректеріңізді пайдалана отырып, осы қосымшаға тіркелу және анализдердің нәтижелерін білу керек.
Сонымен қатар, Сіз анализ нәтижелерін QR-кодты қалыптастыру функциясы бар Egov Mobile қосымшасынанда да көре аласыз.
Сонымен бірге, 2020 жылдың 7 қыркүйегінен бастап Президенттік клиникада коронавирустық инфекцияға ПТР анализ жасайтын анализ алу пункті жұмыс істейтінін де еске саламыз.
Анализ алу пункті дүйсенбіден сенбіге дейін 8.00-ден 20.00-ға дейін жұмыс істейді:
- 8:00 - 13:00: материал алу
- 13:00 - 14:00: орынжайды дезинфекциялау
- 14:00 - 19:00: материал алу
- 19:00 - 20:00: орынжайды дезинфекциялау
Анализ алу пункті F блогта орналасқан. Ол жерге В1 блогы жағынан кіруге болады.
Тест кезек тәртібінде өткізіледі. Тест құны - 10 000 теңге.
Толық ақпарат алу үшін 8 (7172) 70-80-90 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады.
Біздің аккаунтымызға жазылыңыз, жаңалықтарды қадағалаңыз және өз денсаулығыңызды тек кәсіпқойларға сеніп тапсырыңыз!