290 миллион. Бүкіл әлем бойынша осыншама адам вирусты гепатитке шалдыққан, бірақ бұл туралы өздері де білмейді. Егер бұл адамдар өзінің статусын дер кезінде анықтаса, осыншама адамға медицина көмектесе алады. Өйткені, В және С гепатитіне шалдыққан адамдарға дұрыс диагностика және ем тағайындалмаса, ауру әрі асқынып, өлімге алып келуі мүмкін.
Осы себепті, вирусты гепатит, оның белгілері, диагностикасы, алдын алу және емдеу туралы хабардарлықты арттыру - 28 шілде Дүниежүзілік гепатитпен күрес күнінің басты тақырыбы мен міндетіне айналды. Басты мақсат – гепатит вирусы бар екенін білмейтін «жоғалған миллиондаған адамдарды табу».
Бүгін біз Сіздерге вирусты гепатиттер, симптомдарын анықтау және инфекцияның алдын-алу жолдары туралы инфографика әзірледік.