Коронавирустық инфекция бүкіл әлемге ентелеп енген күннен бастап, пандемия көптеген адамдардың өміріне әсер етті: біреулер ауру жұқтырды, біреулер өз туыстарын 3-4 ай бойы көрмеді. Өкінішке орай, коронавирус індеті көптеген адамдарды, достарымызды, жақындарымыз бен туыстарымызды арамыздан алып кетті.
Бүгін, 2020 жылғы 13 шілдеде, Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен сағат 12:00-де коронавирустық инфекциядан көз жұмған азаматтарды еске алу үшін бүкіл ел бойынша бір минут үнсіздік жарияланды.
«Бұл күні қай-қайсысымыз болмасын, қайда болмасақ та, қайтыс болғандарды еске алатынымызға сенімдімін. Барлық отандастарымызды халқымыздың басына түскен сынақтарғатабандылық, сабырлық, жауапкершілік танытуға шақырғым келеді. Біз коронавируспен күресті жалғастырамыз. Жеңіс біздің жақта болатынына күмән жоқ. Біз қол қусырып, депрессияға, апатияға ұшырамауымыз керек. Бүгінде біз бірлігімізді барынша танытуымыз керек. Біз ешкімді қиындықта қалдырмаймыз және әрбір қазақстандықтың өмірі мен денсаулығы үшін күресетін боламыз», - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл күні, коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу Жалпыұлттық аза тұту күні, Президенттік клиника ұжымы коронавирус инфекциясынан қайтыс болған қазақстандықтардың отбасыларына, достарына және жақындарына қайғырып көңіл айтады.
#помним #ұмытпаймыз