Терапия – көптеген бағыттарды қамтитын, медицинаның негізгі салаларының бірі. Бұл - пульмонология, кардиология, гастроэнтерология, урология, нефрология, эндокринология және т.б. Біздің клиникада терапия және оның барлық бағыттарының дамуына үлкен мән беріледі. Бұл біздің дәрігерлерімізге жиі кездесетін аурулардан бастап сирек кездесетін ауруларға дейін әр түрлі диагноздарды қоюға, сондай-ақ Қазақстанның барлық аймақтарынан, одан да тыс жерлерден келетін пациенттерді емдеуге мүмкіндік береді. Бүгін біз пульмонология және қарқынды терапия бөлімшелері туралы, сондай-ақ аутоиммундық ауруларды диагностикалау мен емдеудегі терапевттердің жұмысы туралы баяндағымыз келеді. Келесі дәрігерлеріміз Сіздермен ақпаратпен бөлісетін болады:
1. Раушан Карабаева - медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер, Президенттік клиника директорының емдік-диагностикалық жұмыс жөніндегі орынбасары;
2. Роза Бакенова - ҚР ПІБ МО ғылыми-клиникалық кеңесі төрағасының орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, пульмонолог, жоғары санатты дәрігер-терапевт, Президенттік клиниканың бас терапевті;
3. Бауржан Бабашев - жоғары санатты дәрігер, Президенттік клиниканың реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі.