Президенттік клиника да (ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы) карантин кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарды ұстанып, жұмыс орындарында әлеуметтік қашықтықты сақтады.
Карантин - шетел мамандарының қатысуымен өтетін көшпелі шеберлік-кластарды өткізбеді, медициналық туризмге үзіліс жариялады, форумдардың күндерін ауыстырды, жұмыс кеңестерінің, конференциялардың форматын өзгертті, тіпті әдеттегі істер де басқа регламенттер бойынша өткізілді.
МОА-дағы «карантиндік» жиналыс осылай өтуде: холлда, қашықтықта, міндетті түрде бетпердемен. Конференц-залдар жабық, кеңестер үшін онлайн-формат пайдаланылады.
Ақылы қызмет көрсету бөлімшесі және (квота бойынша) госпитализация қашан іске қосылады?
Президенттік клиника ол туралы міндетті түрде хабарлайтын болады, ал қазіргі уақытта келесі телефондар бойынша анықтамалық ақпарат алуға болады:
8(7172) 70-80-90