17 мамыр күні тыныс алу жүйесінің ауруларын диагностикалау мен емдеуге маманданған пульмонологтар, дәрігерлер өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ауруханасында мамандандырылған пульмонологиялық қызмет жұмыс істейді, оны Президенттік клиниканың бас терапевті, ҚР ПІБ МО ғылыми-клиникалық кеңесі төрағасының орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, пульмонолог, жоғары санатты дәрігер-терапевт Роза Бакенова басқарады. Президенттік клиника бронх-өкпе жүйесіндегі патологиялық процестерге, оның ішінде дәрі-дәрмектік құралдар мен физикалық әсер ету әдістерін -электр, магнитпен емдеу, аэрозоль терапияның барлық түрлерін қоса алғанда, барлық заманауи әдістермен қамтылған. /ru/about/main-specialists/3262?sphrase_id=43391