Бүгін Аурухананың жедел жәрдем қызметі мен астаналық бір отбасы ұмытылмас түнді бастарынан кешті: кішкене нәресте карантин кезеңіне қарамастан, жарық көруге асықты.
ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының жедел медициналық көмек бөлімшесінің жедел пультіне шақырту 30 сәуірде сағат 02: 53-те келіп түскен. Қоңырау шалған босанудың сәл алдында тұрған 35 жастағы келіншек екен.
Шақыруға жедел жәрдемнің үшінші бригадасы келген: дәрігер Нұрлан Беков, фельдшер Әділет Қадыров, жүргізуші Евгений Соколов. Дәрігерлерді қарсы алуға шыққан жолдасы, жарының босанғалы жатқандығын хабарлаған.
Арнайы қорғаныс кимідерінде келген жедел жәрдем бригадасы, доктор, тексеру барысында әйелдің суы кетіп, толғатып жатқандығын, тіпті баланың басы көрінетіндігін анықтаған. Осы себепті, олар жылдам шешім қабылдауға мәжбүр болады. Жедел жәрдем дәрігері Нұрлан Беков былай дейді:
«Біз шақырту орнына келіп, жағдайды бағаладық, іс жүзінде босану процесі басталып кеткен, біз көп ойланбастан, жол үстінде көлікте емес, үйде босандырып алуды ұйғардық. Себебі адамдар тұрып жатқан үйде жылу да, жарық та бар. Көмек қажет болған жағдайда, пәтерде оңайырақ болар еді».
Қорғаныс костюмдерін киген, жеке қорғану құралдарымен жабдықталған бригада, пәтерді уақытша перзентханаға айналдырады. Босану ешандай асқынусыз өтіп, бала бірден шыр ете түскен. Фельдшер Әділет Қадыров:
«Салмағы шамамен 3 кг, бойы 51 см қыз бала дүниеге келді, нәрестенің жалпы жағдайы мен негізгі параметрлері бойынша (Апгар шкаласы бойынша) дені сау және патологиясыз. Біз ауыз қуысына санация жүргіздік және нәрестенің денесін тазалап, жылытқы қойып, жылы көрпе жауып қойыдық. Қажетті нәрсенің бәрін жасадық. Келіншек босанғаннан кейін өзін қанағаттанарлықтай сезінді»
Жедел жәрдем бригадасына тек телефон арқылы, кезекші диспетчер мен жедел медициналық жәрдем бөлімшесінің меңгершісіне үйде босандырдырып алғандары, анасы мен баланың жағдайының қанағаттандырарлық екендігін, дәрігерлер Көпсалалы қалалық аурухананың перинаталдық орталығының акушерлік блогына госпитализациялау үшін тасымалдауды бастағандығы туралы хабарлау ғана қалды.
«Ана мен бала перинаталдық орталыққа тасымалдауға дайын болды. Жол бойы жедел жәрдем бригадасы «қымбат жолаушыларымыздың» жағдайына үнемі мониторинг жүргізіп отырды. Жол бойы олар өздерін жақсы сезінді», - деп атап өтті жедел медициналық жәрдем бөлімінің меңгерушісі Айгүл Кучербаева.
№2 көпсалалы қалалық аурухананың акушерлік блогының қабылдау бөлмесіне келгеннен кейін, дәрігер мен фельдшер әйел мен баланы перинаталдық орталықтың кезекші бригадасының, атап айтқанда, акушер – гинекологтары мен неонатологтарың қолына тапсырды. Жедел шақыруды сәтті аяқтап, жедел жәрдем бригадасы тәуліктік кезекшілігін атқаруды әрі қарай жалғастырды. Біз анасының мазасын алмадық. Біздің дәрігерлеріміздің айтуынша, ол қызы екеуі өздерін жақсы сезініп, алғашқы екпелерін де алған.
Президенттік клиниканың (ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы) баспасөз қызметі