Басты бетРесми хабарлама: Президенттік клиника санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейтеді

Ресми хабарлама: Президенттік клиника санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейтеді

Ресми хабарлама: Президенттік клиника санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейтеді

ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы елімізде 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты жаңа жағдайда жұмыс істейтін болады: 

 

· Аурухананың барлық өткізу пункттерінде өткізу режимі қатаңдатылды;

· Ауруханада фильтр жұмысы күшейтілді: барлық кіргендер арнайы фильтр арқылы өтеді;  

· 2020 жылғы 17 наурыз – 15 сәуір аралығында өңірлерден және ақылы негізде пациенттерді жоспарлы емдеуге жатқызу тоқтатылды;

· Пациенттерге кіруге тыйым салынады;

· Аурухана пациенттеріне сәлемдемелерді қабылдауға/беруге тыйым салынады;

· Қалпына келтіру емі және оңалту орталығының пациенттерге қызмет көрсетуі тоқтатылды (сумен-жылумен емдеу, косметология, Шығыс терапия орталығы, қалалық курорт);

· Емханада төтенше жағдай кезінде ақылы қызмет көрсету бөлімшесі жабылды;

· Стоматологиялық бөлімшеде жоспарлы қабылдау тоқтатылды;

· Төтенше жағдай кезінде буфет жұмысы тоқтатылды;  

· Қызметкерлер үшін міндетті маска кию режимі енгізілді;

· Лифтілерді, баспалдақ аралықтарын, дәліздерді, дәретханаларды және т.б. көп реттік санитариялық тазалау, орынжайларды жиі желдету жүргізіледі;

· Кеңестер, жұмыс кездесулері, конференциялар, шеберлік-кластар өткізу, азаматтарды қабылдау шектеледі (онлайн - режимге ауыстырылды)

Президенттік клиника ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің профилактика бойынша ұсыныстарын ұстануды ұсынады және төтенше жағдай кезінде Аурухана жұмысының жаңа ережелеріне түсіністікпен қарауды сұрайды.


photo5440380545394650906.jpg
photo5440744170210831484.jpg
photo5440744170210831486.jpgphoto5440744170210831488.jpgphoto5440744170210831489.jpgphoto5440744170210831495.jpg
photo5440744170210831496.jpg
photo5440744170210831497.jpg
photo5440744170210831498.jpg
photo5440744170210831500.jpg