Президенттік клиниканың командасы медициналық ұйымдар арасында боулинг бойынша өткен қалалық турнирде 18 команданың ішінен 2 орынды иеленді. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының әйелдер құрамасы: кеңсе меңгерушісі Әсел Балпанова және дәрігер-реабилитолог Гүлжан Дүзелбаева тартысты байқауда №1 қалалық аурухананың командасын алға жіберіп, № 3 перзентхананың құрамасын артта қалдырып, жүлделі үштікке енді.
Әсел Балпанова:
Қарсыластарымыз өте мықты болды, біз қатарынан бес ойын ойнадық, оның әрқайсысы соңғы болу мүмкін еді. Бір команданы жеңіп, сәл тынығып, келесі командамен ойнадық. Әрине, эмоциялық тұрғыдан оңай болған жоқ, бірақ біз бәрін жеңдік.