Президенттік клиника келесі іс-шараларды дайындады.
• Ауруханаға жіті респираторлық инфекциялармен ауыратын пациенттердің келуін шектейтін іс-шаралар анықталды;
• Шетелдерден іссапарлардан келген азаматтарға мониторинг жүргізілуде;
• Жеке қорғану құралдары мен азық-түлік өнімдерінің қажетті қоры жасалды;
• Аккредитацияның халықаралық және ұлттық стандарттарына сәйкес, температурасы бар азаматтарға арналған сүзгі кабинеті жұмыс істейді;
• Қолды өңдеуге арналған антисептикалық заттары бар қосымша дозаторлар орнатылды;
• Президенттік клиника қызметкерлері адамдар көп жиналатын жерлерде маска киеді;
• Президенттік клиникада коронавирустық инфекция туралы баспа материалдары басып шығарылды және орналастырылды;
• Келушілердің хабардарлығын арттыру үшін холдағы мониторларда коронавирус туралы бейнероликтер көрсетіледі;
• Шетел азаматтарының Қазақстан аумағына кіруіне және біздің мамандардың шетелге шығуына қатысты іс-шаралар тоқтатылды.
Видеода - Аурухананың кіреберісі және температурасы бар азаматтарға арналған кіреберістегі сүзгі кабинеті. Оның жұмысы туралы толығырақ баяндайтын боламыз.