Глаукома – дамыған елдерде, оның ішінде Қазақстанда да көз көруінің нашарлауы және қайтымсыз соқырлықтың негізгі себептерінің бірі
Жыл сайын наурыз айының басында Дүниежүзілік глаукома апталығы өткізіледі. Оның мақсаты – халықтың назарын осы проблемаға аударту және көздің ішкі қысымын өлшеу – тонометрия негізінде ерте диагностикалау мүмкіндігі.
Глаукома – көздің ішкі қысымының жоғарылауымен сипатталатын аурулар тобына жатады. Ол көздің көру өткірлігін төмендетуге, көру өрісінің түрлі ақауларына, сондай-ақ артрофияға, яғни көру жүйесінің жасушаларының өлуіне әкеп соғады. Алайда, бастапқы кезеңде глаукома ешқандай белгісіз өтуі мүмкін, сондықтан пациенттер дәрігерге көздері нашар көре бастағанда, тіпті аурудың соңғы сатыларында бірақ жүгінеді.
Біз Дүниежүзілік глаукома апталығында 40 жастан асқан барлық адамдардың жыл сайын тонометриядан өтуі қажет екендігін естеріңізге саламыз. Көздің ішкі қысымы жоғары болған жағдайда, дәрігер-офтальмолог глаукоманың алдын алу үшін толық тексеру жүргізуі тиіс.
Біздің Ауруханада сіз глаукомаға толық тексеруден өтіп, қажет болған жағдайда лазерлік немесе хирургиялық ем ала аласыз.
Жазылу үшін 8(7172) 70-80-90 телефон арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.