Қымбатты арулар!
Сіздерді шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!Сіздер – бойына мейірім, жылулық, махаббат пен ізгілікті дарыта білген дара жансыздар.
Сіздер – бір отбасын ғана емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербеткен, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер.
Сіздер – тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысысыздар.
Жан-жүректеріңізден ертеңгі күнге деген сенім мәңгілік айнымасын! Жылдың әр күні сіздерге және сіздердің жанұяларыңызға тек қана жақсылық пен игілік әкелсін!