Бүгін Президенттік клиникада «Нұр Отан» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Естай Сакенмен кездесу өтті.
Қоғамдық кеңестің басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған партиялық бағдарламаның маңыздылығы түсіндірді.
Сондай-ақ, Естай Сәкен докторлардың, мейірбикелердің және әкімшілік-басқару қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.