ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 4 наурыздағы мәліметі бойынша, 6 қаңтар мен 1 наурыз аралығында мемлекеттік шекарадан кіру-шығу пункттері арқылы ҚХР-дан Қазақстанға шамамен 32,5 мың адам келген.⠀
6 қаңтар – 1 наурыз аралығында Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің санитариялық-карантиндік пункттерінің мамандары халықаралық әуежайларда және теміржол вокзалдарында Қытаймен шекаралас мемлекеттер арқылы өткізу пункттерінде – 32 456 адамды қарап-тексерді.⠀
Медициналық ұйымдар 3 санатқа бөлінген елдер бойынша келген адамдардың денсаулығы мониторингі бойынша жұмысты жалғастыруда.
Карантинде 1 «А» – 339 адам, 1 «Б» санаты бойынша үйде оқшаулауда 512 адам бар. 4 наурызға барлығы 50 адам дене қызуымен және ЖРВИ-мен, оның ішінде 1 «Б» санаты бойынша – 12 адам; 2-санат бойынша – 23 адам; 3-санат бойынша – 15 адам емдеуге жатқызылды. Емдеуге жатқызылған 36 адамның ішінен 15 адам шығарылды.⠀
Мониторингке барлығы 6 923 адам алынды, оның ішінде 2-санат бойынша қашықтықтан бақылау (14 күн бойы қоңырау шалу) – 1965 адам, 3-санат бойынша қашықтықтан бақылау (24 күн бойы қоңырау шалу) – 4985 адам, 3-санат бойынша-35 адам алынды.
Коронавирустық инфекциядан қорғаудың алғашқы белгілері және әдістері туралы біздің пайдалы инфографикамыздан оқыңыз.