«Еуропалық кардиологтар қоғамының жаңартылған ұсыныстары (ESC) 2019» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция
2020 жылғы 1 ақпан,
Нұр-Сұлтан қ-сы, Мәңгілік Ел даңғ., 80
«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК базасында (Нұр-сұлтан қ-сы, Мәңгілік Ел даңғ., 80) 2020 жылғы 1 ақпанда «Еуропалық кардиологтар қоғамының жаңартылған ұсыныстары (ESC) 2019» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференцияда Еуропалық кардиологтар қоғамының 2019 жылы Париж қаласында қабылдаған 5 жаңартылған ұсынысы баяндалады және талқыланады: ESC/EAS 2019 дислипидемияны диагностикалау және емдеу бойынша; созылмалы коронарлы синдром; супровентрикулярлық тахикардия; жіті өкпе эмболиясын емдеу және диабет, диабет алды және жүрек-қантамыр аурулары бойынша клиникалық ұсыныстар: өзгерістерге шолу жүргізу, сондай-ақ мультифокалды атеросклероз және қантты диабеті бар коморбидті пациентті жүргізу тактикасы.
Конференция бағдарламасы кардиологтар, терапевтер, эндокринологтар, кардиохирургтар, аритмологтар, тамырлық хирургтарға арналған дәрістер, шеберлік-класстарды, сондай-ақ, оқыту соңында сертификаттар тапсырылатын кардиологиядағы коронарлық тамырлардың КТА бойынша мастер-класты қамтиды.
Конференция тақырыптары:
✔ Созылмалы коронарлы синдром – 2019 жылы қандай жаңалықтар болды. Жаңа ұсынымдар – СКС бар пациенттерді жүргізудің жаңа тәсілдері.
✔ ЖКС-мен ауырған пациенттерді липид азайтатын терапиядағы тәсілдердің эволюциясы: қандай жаңалықтар бар? Дислипидемия. 2019 жылдың басты оқиғалары, мәселелері мен даму келешегі.
✔ Диабет және СЖЖ, 2019 жылғы мәселелер туралы не білеміз. SGLT2 тежегіштері: СЖЖ алдын алу және емдеудегі жаңа дәуір.
✔ Өкпе гипертензиясы бар пациент, кешенді көзқарас. Пациенттің жіті ӨАТЭ-нан СӨАТЭ-на дейінгі жолы. ECS / ERS-тың жіті өкпе эмболиясын диагностикалау және емдеу бойынша жаңа ұсыныстары.
✔ Коморбидті пациент: Мультифокалды атеросклероз және қантты диабет (ECS 2019 ж.).
ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ
08:30 - 09:00 |
Қатысушыларды тіркеу |
09:00 - 09:15 |
Конференцияның ашылуы |
09:15 09:45 |
Созылмалы коронарлы синдром – жаңа терминология немесе жаңа тәсілдер. (ESC 2019) ► Карабаева Раушан Жумартовна, м.ғ.д., «ҚР ПІБ МОА» ШЖҚ РМК директордың емдік-диагностикалық жұмыс жөніндегі орынбасары |
09:45 10:00 |
ЖИА диагностикалаудағы КТ-тексеру (ESC 2019 жаңа ұсыныстарына сәйкес) ► Ельшибаева Эльмира Сериккалиевна – «АМУ» ҰАҚ сәулелік диагностика кафедрасының PhD докторанты, «ҚР ПІБ МОА» ШЖҚ РМК Диагностика орталығының КТ дәрігері |
10:00 10:30 |
ЕКҚ-тың 2019 жылғы жаңартылған Ұсынымдары аспектісіндегі статинотерапия туралы мифтер мен нақтылығы ► Абсеитова Сауле Раимбековна, м.ғ.д., қауымдастырылған профессор, Қазақстан кардиологтар қауымдастығы басқармасының төрағасы, «ҰҒМО» АҚ |
10:30 11:00 |
Жіті өкпе эмболиясын диагностикалау және емдеу бойынша ESC/ERS 2019 жаңа ұсыныстары ► Жусупова Гульнара Каирбековна, м.ғ.д., қауымдастырылған профессор, «АМУ» ҰАҚ Кардиология, ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі |
11:00 11:30 |
Диабет, диабеттің алды және ӘМА: ESС/EASD 2019 ұсынымдарын шолу ► Базарова Анна Викентьевна, м.ғ.к., «АМУ» ҰАҚ Эндокринология кафедрасының доценті. Эндокринологиялық аурулар орталығының басшысы |
11:30 12:00 |
Диабет және СЖЖ, 2019 жылғы мәселелер туралы не білеміз. ► Джолдасбекова Алия Утепбаевна, м.ғ.д., «ҚР ПІБ МОА» ШЖҚ РМК бас кардиологы |
12:00 12:30 |
► КОФЕ-БРЕЙК |
12:30 13:00 |
Коморбидті пациент: Мультифокалды атеросклероз және қантты диабет (ECS 2019 ж.). ► Джолдасбекова Алия Утепбаевна, м.ғ.д., «ҚР ПІБ МОА» ШЖҚ РМК бас кардиологы |
13.00 13.30
|
ESC 2019 жаңа ұсынымдарына қатысты пациентті клиникалық талдау ► Карабаева Раушан Жумартовна, м.ғ.д., «ҚР ПІБ МОА» ШЖҚ РМК директордың емдік-диагностикалық жұмыс жөніндегі орынбасары |
13.30 14.00 |
► СҰРАҚТАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ
► СЕРТИФИКАТТАРДЫ ТАБЫСТАУ |
Қатысу үшін өтінімдерді электрондық мекенжайға жіберу қажет: edu.sc.clinika@gmail.com
Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефонға хабарласуға болады: 8(7172) 70-79-52.