Басты бетОТШАШУҒА ТОЛЫ МЕРЕКЕ: ПЕТАРДА ЖАРЫЛЫСЫНАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ

ОТШАШУҒА ТОЛЫ МЕРЕКЕ: ПЕТАРДА ЖАРЫЛЫСЫНАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ

ОТШАШУҒА ТОЛЫ МЕРЕКЕ: ПЕТАРДА ЖАРЫЛЫСЫНАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ
Президенттік клиниканың жедел жәрдем докторы Евгений Митин тағы бір өзекті мәселе туралы: Жаңа жыл – бұл тек мерекелік үстел мен көңіл көтеру, туған-туыстармен кездесу ғана емес. Осы бір отшашуға толы мерекеде мерекелік петардаларды бұрыс және қауіпсіздікті сақтамай пайдаланудың салдары қайғылы оқиғаға алып келуі мүмкін. Біздің жаңа жылдық материалымызда доктор Митин пиротехникалық снарядтардың әсерінен қалай қорғану керектігі және жаңа жылдық жаңалықтардың кейіпкеріне айналып кетпеу туралы әңгімелейді.

3K3A1098.JPG

Петардаларға анықтама беру қиын емес – бұл атылатын сигналды снаряд. Бастапқыда, петарда әскери мақсатта пайдаланылған, немесе мысалы, поездың тоқтауын білдіретін сигнал сияқты болған. Алайда, қазіргі уақытта бұл снаряд ойын-сауық мақсатында да қолданыста жүр.  Петарда – мандарин, оливье салаты сияқты жаңа жылдық мерекенің ажырамас бөлігіне айналған.  Олардың қауіптілігі туралы ескертулерге қарамастан, оны ересектер де, балалар да атады. Сондықтан да, біз төменде мерекелік салютті ату кезінде өзін және балаларды қауіпсіздендіру жолдары туралы мәселені қарастырамыз.

Один мир (1).png

Фейерверк, сигналдар үшін петардалардың қауіпі, оның айтарлықтай зақымдау әсерінде жатыр. Мәселе бұл жерде соққы әсері мен термо әсері туралы болмақ. Егер кішкентай петардалардың соққы күші қатты болмаса, зарядттары ұлғайған сайын, олардың күштері де көбейеді. Яғни, адам немесе жануарлар механикалық жарақаттардан бөлек, күйіп қалуы мүмкін. Бұл жерде әсіресе, көздің күйігі мен жарақаты қауіпті. Петардаларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда осы пиротехникалық зарядтарды қалай және кімнің пайдалану керектігі туралы нақты нұсқаулар беріледі. Алайда, арам нитетті сатушылар, «бомбочкаларды» балалардың жасына қарамай сата береді. Алайда, баланың аты бала емес пе, олар «бомбочкаларды» басқа балалардың, немесе өтіп бара жатқан бөгде адамдардың аяқтарының астына ойнап тастай салады.

3K3A1094.JPG

Петарда ашық кеңістікте жарылғанда айтарлықтай зақым келтірмейді. Бірақ, жабық немесе шектелген кеңістікте өте қауіпті жарақат агенті болады. Мысалы, аяқ киімге немесе киім жағасына түсіп, механикалық жарақаттан бөлек (органның физиологиялық функциясы мен анатомиялық тұтастығын зақымдауы мүмкін), айтарлықтай терең күйік шалуы мүмкін. Петарда жарылып жатқан кезде, абайсыз немесе ойланбаған әрекеттер жасау қауіпті. Бірнеше рет зарядталатын петардаларды бәріміз жақсы білеміз: көрсетілген зарядтың саны жарылуды тоқтатқаннан кейін, біраз уақыттан соң қайтадан атылуы мүмкін, яғни петарда кешігіп атылады. Көп жағдайда балалар мен ересектер оның тоқтап қалған себебін тексермек болып, картон түтікшеге үңілген кезде, беттері, кейде тіпті көздері зақымданады.

Егер механикалық және күйік жарақаты болса, дереу ауруханаға бару керек. Әдетте, алғашқы көмектің күйік кезіндегі алғашқы көмектен айырмашылығы жоқ: біріншіден, не істеу керек, - күйіктің бетін таза матамен жабу және суық затты қою керек. Петарданы ату кезінде дұрыс жағу,  беттен және үйден қаншалықты алшақ ұстау туралы бірнше нұсқау:

1.      Петардаларды көлбеу және дөңес емес, тегіс бетке қойыңыз.

2.      Аударылып кетпеуі және айналасындағы адамдарға зақым келтірмеуі үшін петардаларды мықтылап орнату. Қыста бекіткіш ретінде қарды, ал жазда – топырақ, тастар, кірпіштерді пайдалануға болады.

3.      Әдетте, снарядтың жоғарғы жағында орналасатын білтені босатыңыз.

4.      Оны барынша ұзындығы бойынша түзетіңіз.

5.      Білтені жағыңыз.

6.      Кейіннен снарядтан артқа қарап тұрыңыз.

 

Атылған снаряд сізді де, айналаңыздағыларды да зақымдамауы үшін 20-30 метр қашықтыққа шегініп, салютке осы арадан қарау керек. Күтпеген өрт пен қайғылы жағдайдың орын алмауы үшін петардаларды тұрғын үй-жайдан кем дегенде 50 метр қашықтықта жағу керектігін екенін есте сақтау қажет.