Әрбір санның артында – күн сайын аталған аурумен күрес жүргізіп келе жатқан, көптеген пациенттердің ауыр тарихы жатыр. Дегенмен, бұл соғыста жеңіске жалғыз жету мүмкін емес: кез келген басқа ауру сияқты, эпилепсияны тиімді емдеу – дәрігерге, ең дұрысы, дәрігерлер командасына байланысты болмақ.
Президенттік клиникадағы Эпилептология орталығы – құрамында эпилептологтар, неврологтар, нейрохиургтер, функционалдық диагностика дәрігерлері, МРТ, ядролық медицина және клиникалық фармакологтар сияқты мульдисциплинарлық мамандар тобы жұмыс істейтін Қазақстандағы жалғыз орталық.
Бұл дегеніміз, тиісті дәрігердің қабылдауына кіру үшін, пациентке бір клиникадан екінші клиникаға барудың қажеті жоқ, себебі консультациядан бастап, операцияға дейінгі тұтас процесс біздің Аурухананың аумағында өтеді.
Орталықта ауруды алғашқы диагностикалау, хирургия алдындағы тексеру, операциялық емдеу, операциядан кейінгі науқасты жүргізу, сондай – ақ, зертханалық диагностика жүргізіледі, яғни дәрігер оның көмегімен эпилепсия ұстамасы диагнозы қойылған нақты пациент үшін қандай да бір препараттың тиімділігін анықтайды.