Мадина Курмангалиева ширек ғасырдан астам уақыт бойы адамдардың көру қабілетін қалпына келтіріп, әлемді бұрынғыдан да анық көрулеріне көмектесіп келеді. Екінші буындағы дәрігер-офтальмолог Мадина Маратовна «көрушінің көзіндегі сұлулық» деген сөз тіркесі-тек әдемі мағыналы сөз ғана емес екендігін жақсы біледі: әлемнің сұлулығын толықтай көзбен көрмей жеткізу мүмкін емес. Бұл туралы Президенттік клиниканың бас офтальмологы кәсіби мереке құрметіне орай, офтальмолог дәрігері мамандығы туралы қысқаша, нақты әңгімелеп берді.
КӨЗДЕГІ МИ БӨЛІГІ ТУРАЛЫ
Көз дегеніміз не? Классиктердің біреуі: көз дегеніміз – шетке шығарылған мидың бөлігі деген. Ол шынымен де солай: көзде жарықты қабылдайтын бөлік бар, соның арқасында біз жарықты қабылдаймыз, ол нейрон жасушаларынан тұрады. Бұл көздің торлы қабығы – қоршаған әлемді көретін, жарық пен заттарды қабылдайтын мидың көздегі бөлігі. Бүгін офтальмология хирургиясында жаңа болашағы бар «витреоретиналды операциялар» (көздің торлы қабығына және шынытәрізді денеге операция жасау) бағыты белсенді дамып келеді. Бұл операцияны жасайтын хирургтар көздің торлы қабығымен, көздің жүйке қабығымен жұмыс істейді. Бұл өте нәзік құрылым, сондықтан да мұндай операцияларды орындауды офтальмологиядағы жоғары математика деп атауға болады.
Біз биылдан бастап Ауруханада осы бағытты енгізе бастадық. Қазақстанда әзірге онымен айналысатын клиникалар аз. Бұл күрделі және көп шығынды процедура, бірақ біздің елде ол сұранысқа ие: бұл қызметті уақытында ала алмай жүрген пациенттер де көп, ал бұл жерде уақыт мәселесі өте маңызды. Егер көздің торлы қабығын емдеу уақытын өткізіп алса, ол қалпына келтірілмеуі де мүмкін.
ОФТАЛЬМОЛОГ МАМАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ
Әр мамандықтағы адамдар әр түрлі болады. Мен, мамандарды тек жұмыстың жалпы бағыты емес, сонымен қатар белгілі бір кәсіби менталитеті мен мәдениеті жиі біріктіретінін байқадым, себебі осылайша бір-бірін түсіну және жұмысты орындау оңайырақ сияқты деп ойлаймын.
Офтальмологияда әр түрлі адамдармен, әсіресе өз мамандықтарына берік зиялы адамдармен кездесу бұйырыпты. Тіпті альтруистермен деп те айтуға болады. Офтальмологтар дегеніміз – бұл офтальмохирургтар, лазер мамандары және ұзақ жылдар бойы пациенттің жанында жүретін емхана дәрігерлері. Біз күйзелісті жиі сезінеміз, бірақ көзі жақсы көре түскен пациентпен сөйлесу кезіндегі қуанышпен салыстыруға болмайды. Мен барлық әріптестеріме емдеуге деген ұмтылыстарының сөнбеуіне тілектеспін. Біздің мамандық өте әдемі, эстетикалық, ал жұмыстың нәтижесі бірден көрінеді. Көз – айна деп бекер айтпайды. Және біз бұл айнаға қандай болуы керек болса, сондай болуына көмектесеміз.