Берік Кайкенов – Президенттік клиниканың тамырлық хирургы, ол он жылдан астам уақыт бойы пациенттердің қантамырлары жүйесінің денсаулық жағдайын бақылап, кенеттен болатын өлімнің алдын ала отырып, тамырларды емдейді. Тамыр аурулары, жүрек аурулары сияқты бүгінгі күні Жер бетінде адамдардың көз жұмуының ең жиі кездесетін себебі: кез келген дәрігер сияқты, дәрігер Кайкенов үшін де жалпыға белгілі статистика шынайы өмірлік оқиғалармен ұштасқан.
Көп жағдайларда бәрі пациенттің «тамырларын» «бассейнге» алмастыра отырып, өз денсаулығын қаншалықты мұқият қадағалайтынына байланысты, - дейді дәрігер, бұл медицинада қанмен қамтамасыз ету жүйесін білдіреді. Және бұл бассейндер қаншалықты таза болса, қанағымы жолында бітелу неғұрлым аз болса, соғұрлым пациенттің жағдайы жақсы болады. Президенттік клиниканың Кардиохирургия және тамырлық хирургия бөлімшесінің басқа да мамандары сияқты доктор Кайкенов тамырдағы осы бітелулермен күреседі.
Біз дәрігермен Ауруханада қан тамырларының ауруларын қалай емдейтіндігі және олардың алдын алу туралы әңгімелестік.
ӘРБІР ДӘРІГЕРДІҢ МІНДЕТІ
Бүгінгі таңдағы тамыр ауруларының ең кең таралған түрі – атеросклероз. Көпшілігіңіз, мүмкін, тамырдың саңылауын бітейтін, олардың салдарынан түрлі органдардағы қанағымы бұзылатыны, атеросклероздық түйіндақтар туралы бірнеше рет естіген боларсыздар. Атеросклероздық түйіндақ, медицина тілімен емес, қарапайым тілде айтқан кезде, түрлі себептермен тамырдың қабырғаларында пайда болатын майлы шөгінділер, холестериндер: олар ағзаға тамақпен де келеді, сондай-ақ бауырда да өндіріледі. Сонымен қатар, атеросклероз – бірден пайда болатын ауру емес, медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі туындаған деңгейге дейін қанағымы жолын бөгеп, саңылауды жапқанша ондаған жылдар бойы жиналып жатады.
Бассейн тұтасымен қауіп аймағына айналады – ұйқы күретамыры, бұғана асты күретамыры, қол күретамырлары, құрсақ қолқасы, бүйрек күретамыры, сондай-ақ аяқ күретамырлары. Біз осылардың бәрін емдейміз, органдарды қайта тамырлау (қанағымын жақсарту) бойынша операциялар жасаймыз. Сонымен қатар, практик дәрігер ретінде айтатыным, тамырлар зақымданған кезде, көп жағдайда аяқтар зардап шегеді. Бұл аурулар аяқтарды ампутациялауға, ұйқы күретамырларының зақымдануы - инсультке, бүйрек күретамырларының зақымдануы - артериялық қан қысымының жиі көтерілуіне, бүйректердің қайталанып солуына және мүлдем алып тастауға тура келеді.
Сондықтан, тамыр аурулары – іс жүзінде бір ғана тамырлық хирургтың жұмысы емес. Президенттік клиниканың кардиохирургтары, кардиологтары, аритмологтары, тамырлық хирургтары өте тығыз жұмыс жасайды, бұл пациентті кешенді тәсілмен тексеруге және емдеуде мүмкіндік береді. Біз зақымданған аяқ-қолдағы қанағымын ғана емес, ең алдымен, пациенттің жалпы жағдайына қарап, операциялық араласу тәуекелін, күре тамырларының жағдайын бағалаймыз, содан кейін ғана барлығын «қолдау» және «қарсы» өлшеп, осы сәтте қандай операция ең тиімді нәтиже береді деген шешімге келеміз.
СЫЙҚЫРЛЫ ДӘРІ
Біздің пациенттерімізден еститін ең көп тараған сұрақ: атеросклероздық түйіндақты ерітетін препарат бар ма? Өкінішке орай, адамзат мұндай дәріні әлі ойлап тапқан жоқ. Егер ол пайда болса, заманауи кардиохирургия мен тамырлық хирургиясы туа біткен жүрек және қантамырлары ауруларын ғана емдейтін болар еді. Ал бұл – емделушілердің жалпы санының 5%-нан көп емес. Көбінесе қан тамырлары мен жүрек аурулары жүре пайда болған, яғни адамның өмір сүру салтына (өмір салты, дене белсенділігі), тамақтануына (диета) және дем алуға (экология) байланысты.
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЕМДЕУ ЖОЛДАРЫ
Біз қанағымын әртүрлі әдістермен қалпына келтіреміз: миниинвазиялық, немесе тамырішілік, қантамырішілік операцияларды жүргіземіз, ол кезде біз стенттерді имплантациялау және баллонды ангиопластиканы орындаймыз. Сондай-ақ, біз қанағымын ашық араласу арқылы қалпына келтіреміз. Бұл ретте біз миниинвазиялық (кесусіз) және ашық операцияларды бір мезгілде жүргізе аламыз. Бұл қалай болады?
Біздің Аурухана екі гибридті операциялық жүйемен жабдықталған, олар бізге ашық операцияларды тамырішілік операциялармен біріктіруге мүмкіндік береді. Мысалы, бір учаскеде біз тамырдағы саңылауды миниинвазия әдісімен қалпына келтіреміз және дәл сол уақытта басқа учаскеде тамырластыру операциясын орындаймыз, осылайша зақымдалған тұсты айналып өту үшін қосымша жол жасаймыз.
Ал енді, мысал келтіретін болсақ: егер пациенттің мықын күретамырының тарылуы, сондай-ақ жамбас күретамыры зақымдалған болса, онда, біз бір уақытта мықын күретамырына стент орнатып, жамбас тізе астына тамырластыру операциясын жүргізе аламыз. Қантамырішілік операция және ашық араласу бір сәтте, бір операция бөлмесінде, бір күнде жүргізіледі.
Медицина жарақатты азайтты
Әдетте, мұндай патологиясы бар пациентке алдымен мықын күретамырына стент орнатады да, ауруханадан шығарып жібереді, біраз уақыттан кейін қайтадан ауруханаға жатқызып, жамбас тізе астын тамырлайтын операция орындалады, одан кейін ол ауруханада жатып, қалпына келтіріледі. Яғни, ол екі рет ауруханаға жатады, екі есе көп анализ тапсырады, екі рет оңалтудан өтеді. Мұның бәрі ағзаға белгілі бір күйзеліс әкеледі.
ВАРИКОЗ – МИССИЯ ОРЫНДАЛАДЫ
Әрине, көктамыр ауруларының ең көп таралған түрі - аяқ тамырларының варикозды кеңеюін емдеу туралы айтпасақ, тамырлық хирургия туралы әңгіме толық болмас еді. Бір күні ғалымдардың бірі: - «аяқ-қолдың варикозды ауруы - адамзаттың екі аяқпен жүру мүмкіндігі үшін төлейтін өтемақысы» - деген. Әртүрлі деректер бойынша, бұл ауруға әдетте, адамдардың 40%-ы шалдығады екен.
Біз тамыр ауруы бар пациенттерге 10 жылдан астам уақыт бойы аз инвазиялық, аз жарақат келтіретін әдістердің көмегімен тұрақты түрде операция жасаймыз. Біз Астанада бірінші болып, Орталық және Солтүстік өңірде кеңейген көктамырлардың лазерлік коагуляциясын енгіздік, ал осыдан екі жыл бұрын Астанада радийжиілікті абляциясын жүргізе бастадық. Бұл операциялар көктамыр ауруларын кеспей, наркозсыз емдеуге және пациенттің стационарда бірнеше сағаттан тәулікке дейін ғана жатқызып емдеуге мүмкіндік береді.
ҚАНТАМЫРЛАРДЫҢ САУЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ
Біріншіден, қантамырлардың жағдайын әрдайым тексеруге болады. Аурухананың Функционалдық диагностика бөлімі дәл осымен айналысады. Біздің мамандар тамырларды түстік дуплексті сканерлеу жүргізеді – қанағымының жылдамдығын, саңылаудың диаметрін және басқа да параметрлерді өлшейді.