⠀
Қауіп тобындағы азаматтар тіркелген жерінен екпені тегін ала алады, олар – медицина қызметкерлері, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі әйелдер, созылмалы аурулары бойынша диспансерлік есепте тұрған балалар мен ересектер.
⠀
Екпені ақылы негізде қалалық емханалар және жеке медициналық орталықтардың екпе салу кабинеттерінде алуға болады. Президенттік клиниканың Ақылы қызметтер бөлімшесінде де тұмаудан қорғана аласыз. Ауруханадағы екпе егу және оның құны туралы 70 80 90 телефоны арқылы толығырақ білуге болады.