Басты бетҚР ПІБ МОА ДӘРІГЕР-АЛЛЕРГОЛОГЫ, АЙГУЛЬ СЫЗДЫКОВА:

ҚР ПІБ МОА ДӘРІГЕР-АЛЛЕРГОЛОГЫ, АЙГУЛЬ СЫЗДЫКОВА:

ҚР ПІБ МОА ДӘРІГЕР-АЛЛЕРГОЛОГЫ, АЙГУЛЬ СЫЗДЫКОВА:
«Аллергияның барлық түрі емдеуге келе бермейді. Оның бәрі ауруды тудыратын аллергенге байланысты болады.

IMG-20190910-WA0011
Мысалы, бүгін тозаң және тұрмыстық аллергияны емдеуге болады. Біздің Ауруханада мұндай пациенттерге аллерген-спецификалық иммунотерапия (АСИТ) жүргіземіз.
Бүгінгі таңда ол аллергия себебін емдейтін жалғыз терапия.

Әдістің мәні – реакция беретін аллергенді өсу мөлшерімен пациентке егу.

Емдеу кезінде ағза белгілі антиденелерді өндіріп шығарады, олар кейіннен аллергендермен «күресетін» болады. Курс аяқталған кезде, адамның жоғарғы сезімталдылығы біртіндеп төмендейді.

Басқа жағдайларда, әдетте аллергия препаратты немесе тағамды адам өмірінен алып тастау әдісі арқылы ғана емделеді».

Сіздер Аурухананың Аллергология орталығында барлық аурулар кезінде және аллергиялардың салдарынан туындаған жағдайларда кәсіби көмек ала аласыздар, оның ішінде:

* Классикалық аллергиялық ауруларды кешенді тексеру және емдеу (бронх демікпесі, аллергиялық ринит және конъюнктивит, атопиялық дерматит, есекжем және т.б.)

* Диагнозы түсініксіз пациенттерге консультация жүргізу

* Аллергиялық аурулармен (дәріні көтере алмаушылық және медикаменттерге аллергия) ауыратын пациенттерді хирургиялық операциялар және манипуляциялар жүргізуге дайындау

* Аллергиялық сынамалар (тері сынамалары) - тамшылық, жапсырмалық, екпесызатсыз, тері асты, prick және patch тестілері – аллергияның барлық типтері, оның ішінде аллергиялық жанаспа дерматит кезінде және аллергиялық-спецификалық иммунотерапия жүргізудің алдындағы тері сынамалары

* Аллергияны диагностикалаудың жаңа технологиясы ImmunoCAP

* Қан талдауы бойынша аллергияның (барлық типтерін) кеңейтілген диагностикасы.

IMG-20190910-WA0009
Аллергология орталығы ересек жастағы пациенттерге, сондай-ақ балаларға да ашық.

Орталық қызметі туралы сілтеме бойынша толығырақ оқи аласыз: /ru/activities/allergy-centre/tsentr-allergologii.html

Сондай-ақ, қабылдауға 8(7172) 708090 телефоны бойынша жазыла аласыз.

IMG-20190910-WA0012