ҚР ПІБ МОА нейрохирург-вертебрологы Владимир Балковой былай деп жауап береді:
⠀
«Он бес-жиырма жыл бұрын белдің аурын – елуден асқан пациенттердің бәрінің басынан кешетін жағдай деп есептедік. Қазір барлығы өзгерген: менің операциялық жолмен ауруды емдеген, яғни дискідегі жарғыны алған ең жас пациентім бар болғаны он бірінші сыныптың оқушысы болды.
⠀
Ауытқудың бұл «жасаруы» зерттеушілерді қатты қызықтырды, осылайша, 2003 жылы канадалықтар оның себебін анықтаған сияқты да болды (қалай дегенмен де, осы уақытқа дейін бұл теорияны ешкім жоққа шығарған жоқ): бар қызығы сол, бұл балаларға арналған жүру арбаларын пайдаланудан туындайды екен.
⠀
Дәл сол сексенінші жылдардың аяғында, Солтүстік Америкада осы құралды пайдаланудан бум жүріп жатты, ол ата-аналардың өмірін айтарлықтай жеңілдетті, алайда, нәтижесінде балалардың өмірлерін қиындатқан екен.
⠀
Табиғаттың өзі қорғап, баланың жасқа дейін аяққа тұруына мүмкіндік бермейді, ал біз, нәрестенің әлі қалыптаспаған омыртқасын жүріс арбасына отырғызамыз да, бірнеше сағатқа тұрғызып қойып, балалардың паркетті басып жүргеніне мәз болып қарап тұрамыз.
⠀
Дәл осы кезде, омыртқа сүйектерінің арасындағы нәзік шеміршектер, кешіріңіз әрине, ботқаға айналады. Әрі қарай, он-он бес жаста-ақ, дискілерде ауру пайда болып, жиырма жасқа таяу оларға операция жасау қажет болады. Жағдай осындай.
⠀
Осылайша, 2010 жылдан бастап, барлық заң тұрғысындағы мәселелерді өткеннен кейін, Канадада және АҚШ-тың кейбір штаттарында сатуға тиым салынды».
⠀
Өз омыртқаңыздың саулығы туралы В. Балковой дәрігердің қабылдауынан біле аласыз.
⠀
Президенттік клиника пациенттеріміздің өтініштері бойынша Ауруханының жетекші мамандарының қабылдау сағаттарын арнайы кеңейтті.
⠀
ҚР ПІБ МОА докторларының консультацияларының уақыттары мен құны туралы келесі сілтемеден біле аласыздар:
/ru/news/announcements/6671
⠀
Біз сіздерді күтеміз және денсаулық тілейміз!