Ең үздік команда атану үшін Президенттік клиника, Медициналық орталық, Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы (СЭСО), «Қарлығаш» балабақшасы, Орталық клиникалық аурухана және «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің қызметкерлері жарысты.
Турнирде 8 қызметкер өнер көрсеткен Президенттік клиниканың командасы, финалға шығып, 2 орынға ие болды.
Командамызды жүлделі орнымен құттықтаймыз! Қызметкерлерімізге ауызбіршілігі, қайраттылығы және саламатты өмір салтының үлгісі болғаны үшін алғысымызды білдіреміз!